Евразия24ЖаңалықтарАлматы әуежайының өткізу қабілетін жылына 55 млн жолаушыға дейін арттыру жоспарланып отыр

Алматы әуежайының өткізу қабілетін жылына 55 млн жолаушыға дейін арттыру жоспарланып отыр

|

|

Астана. 24 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Алматы әуежайын 2050 жылға дейін дамытуға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру оның өткізу қабілетін жылына 55 млн жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскаль Брюссельде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесуде мәлімдеді.

«Филипп Паскаль Алматы әуежайын дамытудың ұзақмерзімді бас жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді. 2050 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаның нәтижесінде әуежайдың өткізу қабілеті жылына 55 млн жолаушыға дейін артады», – делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев авиациялық хабтарды дамыту Қазақстанның көлік және логистика саласындағы стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Groupe ADP компаниясының Алматы әуежайының инфрақұрылымын басқаруға қатысуын жоғары бағалады.

Президенттің айтуынша, компания жаңа халықаралық терминалдың құрылысы сияқты бірқатар маңызды жобаларды табысты жүзеге асырды. Соның нәтижесінде әуежай инфрақұрылымы жаңғыртылып, оның жылдық жолаушылар ағыны 14 млн адамға дейін ұлғайды.

Кездесу барысында тараптар жаңа бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын, соның ішінде өңірлік әуежайларды дамыту мәселелерін де талқылады.

«Мемлекет басшысы осы сапар аясында Брюссельде қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық одақ арасындағы әуе қатынасының жекелеген аспектілері жөніндегі келісім саланы дамытуға серпін береді деген сенім білдірді», – делінген хабарламада.

Groupe ADP – әуежай инфрақұрылымын басқару саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Топ Париждің негізгі әуежайларын басқарады және TAV Airports компаниясын қоса алғанда, еншілес құрылымдары арқылы әлемнің 20-дан астам елінде жұмыс істейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.