Евразия24ЖаңалықтарИспаниялық Inditex Қазақстанды Орталық Азиядағы логистикалық хабқа айналдыруды көздейді

Испаниялық Inditex Қазақстанды Орталық Азиядағы логистикалық хабқа айналдыруды көздейді

|

|

Астана. 24 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Испанияның Inditex тобы Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтіп, елді Орталық Азиядағы негізгі көлік-логистикалық орталықтардың біріне айналдыруды жоспарлап отыр.

Бұл мәселе Брюссельде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Inditex Group компаниясы бас директорының орынбасары әрі сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Сантьяго Мартинес-Лахе Собредомен кездесуінде талқыланды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Президент әлемдегі жетекші ритейлерлердің бірі саналатын Inditex компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейтіп, елімізді Орталық Азиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретінде дамыту жоспарын құптады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев уақыт өте келе компанияның тек логистикамен шектелмей, Қазақстанда тоқыма өнеркәсібі бағытында өндіріс орындарын ашуына мүмкіндік бар екеніне сенім білдірді.

Өз кезегінде компания өкілі Қазақстандағы кәсіпкерлік пен инвестиция үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтіп, бизнесті одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті.

Қазіргі таңда құрамына Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti және Bershka сияқты танымал брендтер кіретін Inditex Қазақстанның сауда нарығында кеңінен ұсынылған. Компания Алматы және Қарағанды әуежайларының базасында өңірлік логистикалық хаб қалыптастырып жатыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев пен Абдалла II Қазақстан мен Иорданияның саяси және экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Иордания королі Абдалла II-мен келіссөз жүргізді, деп хабарлады қазақстандық көшбасшының баспасөз қызметі.

Англия банкі негізгі мөлшерлемені жылдық 4%-ға дейін көтерді

Англия банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеріп, жылдық 4%-ға жеткізді, делінген Ұлыбритания Орталық банкінің хабарламасында. Шешім экономистер мен талдаушылардың көпшілігінің күтімімен сәйкес келді.

Еуропада 15 жолаушылар ұшағына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламалар түсті

Еуропа елдерінде 15 авиалайнердің бортында жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін деген хабарламалар түсіп, олардың жалған екені анықталды, деп хабарлайды бейсенбі күні Sky News телеарнасы.

Еурокомиссия Украинаға қаржылық көмек ретінде және қорғаныс қажеттіліктеріне 4,36 млрд евро бөледі

Еуропалық комиссия (ЕК) бейсенбі күні несиелік қолдау бағдарламасы шеңберінде Украинаға 4,36 млрд евро бөлінгенін жариялады. «Бүгін 4,36 млрд евро бөле отырып, біз Украинаға өмірлік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге және шұғыл қорғаныс міндеттерін шешуге көмектесеміз», — деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен.