Евразия24Басты бетИран АҚШ-қа геосаяси тәрбие беріп жатқандай

Иран АҚШ-қа геосаяси тәрбие беріп жатқандай

|

|

Әлсіреу кезеңін бастан өткеріп жатқан үстем державаның өзін тәрбиелеу оңай шаруа емес. Бірақ мұнымен біреу айналысуы керек. Бүгінде жаһандық геосаясат сахнасында бұл міндетті Иран өз мойнына алғандай көрінеді. Дональд Трамп басқарып отырған Вашингтон халықаралық қауымдастық үшін әлдеқашан тентек балаға айналғандай. Сондықтан Тегеранның АҚШ-ты сабасына түсіріп, жауапкершілікке шақыруға жеткілікті саяси ерік-жігері мен мүмкіндігінің болуы өзгелер үшін де маңызды. Иран тарапы келіссөздерді ең қарапайым қағидалардан бастаған сияқты. Олар Ақ үйге халықаралық құжаттағы қолтаңба жай ғана таңба емес, сонымен бірге орындалуға тиіс міндеттемелер екенін еске салуға тырысуда.

«Анкоридж рухымен» тәрбиеленгендер үшін келіссөз жүргізудің тағы бір қарапайым қағидасы мәдени таңданыспен тең болуы мүмкін: егер қарсы тарап өз мойнына алған міндеттемелерді орындамаса, келіссөздер жүргізе берудің мәні жоқ, өзге ықпал ету тетіктерін іздеу қажет. Бұл тұрғыда Тегеран өзгелерге үлгі боларлық ұстаным танытып отыр.

Әрине, бұған дейін Иран АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған аса қуатты соққыға төтеп бере алатынын дәлелдеуге мәжбүр болды. 2026 жылы 28 ақпанда шабуыл кезінде әуеде Пентагон мен ЦАХАЛ-дың 500-ден астам әскери ұшағы қатар әрекет етіп, олардың нысаналарын жауынгерлік жасанды интеллект жүйесі бөліп отырған. Бұған қоса теңіздегі кемелер мен суасты қайықтарынан ұшырылған «Томагавк» зымырандары да қолданылды.

Бұған жауап ретінде Тегеран Иран баллистикалық зымырандарының ұшырылуын бақылайтын қарсы тарап радарларын жүйелі түрде істен шығарды. Сондай-ақ өңірдегі америкалық, британдық және француз базаларына соққы беріп, Израильдің «Темір күмбез» жүйесін бұзып өтті және қарсыластарының аймақтағы одақтастарына да ескерту жасады. Ормуз бұғазын жауып, әлемдік экономика арқылы халықаралық қауымдастыққа маңызды ойды жеткізді: Дональд Трамп пен Биньямин Нетаньяху тек Иран үшін ғана емес, өзге елдер үшін де күрделі мәселе болып отыр.

MAGA (Make America Great Again – «Американы қайтадан ұлы етейік») қозғалысын қолдайтын негізгі электорат арасында бұл соғыс аса танымал болмағандықтан, АҚШ-тың 47-президенті Ормуз бағытында құрлықтағы операция бастауға тәуекел ете алмады. Ал ондай операциясыз Вашингтонның көздеген мақсатына жетуі екіталай болатын.

Дональд Трамп трансұлттық мұнай бизнесінің алпауыттарынан құралған делегация қабылдауына келгенге дейін Ормуз бұғазындағы бітімгершілік пен өзара блокада мәселесін созбалаңға салып келді. Бұл келгендердің әрқайсысы өз алдына ықпалды тұлғалар әрі жер бетінде қаржысы мен билігі жағынан олардан асып түсетін ешкім жоқ. Осылайша, олар Ақ үй басшысына АҚШ-тағы көмірсутек қорының тек үш аптаға ғана жететінін, одан кейін бәрі тоқтайтынын ашық түсіндірді.

Президент Трамп 2026 жылғы 17 маусымда Президент Масуд Пезешкианмен қашықтықтан меморандумға қол қойып, өз атынан және Израиль үшін міндеттемелер алды. Алайда Нетаньяху Ливандағы соғысты тоқтату жөніндегі талаптарды елемей, әскери қимылдарды жалғастырды. Өз кезегінде Иран «Хезболланы» қолдаусыз қалдыра алмайды, өйткені бұл ұйым ресми түрде Ислам революциясы күзетшілері корпусының (ИРСК) құрылымына енгізілген. Осыған байланысты ирандықтар Швейцариядағы келіссөздер процесінен ресми түрде шығып, Ормуз бұғазын қайтадан жауып тастады. Ал Дональд Трампқа өзі қол қойған меморандумның Ливандағы соғысты тоқтатуға қатысты бірінші тармағымен қайта танысып шығу ұсынылды.

Сонымен қатар Тель-Авивке израильдік әскерді басып алынған Ливан аумағынан толық шығару туралы жаңа шарт қойылды.

Трамп ашуға булығып, Иранның АҚШ-та ислам революциясы кезінен бері бұғатталған активтерін қайтармаймын деп қорқыта бастады. Ал бұл қаражат меморандумға сәйкес Тегеранға қайтарылуы тиіс еді.

Осы арада Иран тарапы АҚШ көшбасшысының ирандық келіссөз жүргізушілерді өлтіремін деп қоқан-лоқы көрсетуі этикаға жат әрекет екенін еске салды. Сондықтан Ормуз бұғазы Дональд Трамп өз мінез-құлқы мен өзі кепілдік берген Израиль премьер-министрінің әрекеттері жөнінде ойланғанға дейін жабық тұрады. Өйткені бұл жауапкершілік тиісті құжаттағы қолтаңбамен бекітілген.

Нәтижесінде Вашингтон, көпшілік алдында айтылған мәлімдемелерге қарамастан, Иранға қайта соққы жасаудан гөрі Тель-Авивті сабырға шақыруға мәжбүр болды.

Биньямин Нетаньяху өз әскеріне Ливанда «ұстамдылық танытуды» тапсырды. Ал Швейцарияда вице-президент Джей Ди Вэнстің жетекшілігімен өткен келіссөздер қайта жалғасты. Жалпы алғанда, жазасыздық жағдайында шектен шыққан үстем державаны жауапкершілікке шақыру – күрделі процесс. Дегенмен Тегеран бұл бағытта біртіндеп нәтиже көрсетіп келеді. Мұнда негізгі рөлді жүйелі әрі дәйекті ұстаным атқарады, ал Иран Ислам Республикасында мұндай саяси ұстаным бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Трамп жеңілісінен кейін АҚШ саясаты қалай өзгереді?

 АҚШ-та өткен аралық сайлау Республикалық партия кандидаттарының ойсырай жеңілуімен аяқталды. Демократиялық партия Сенат пен Өкілдер палатасының екеуінде де басымдыққа ие болды. Штат губернаторларын сайлау нәтижелері әзірге толық шығарылған жоқ. Дегенмен бұл сайлауда да демократтардың айтарлықтай басымдыққа қол жеткізетініне күмән жоқ. Енді Трамптың саяси қарсыластары оның ішкі және сыртқы саясаттағы бастамаларына заңнамалық деңгейде тосқауыл қоюға толық мүмкіндік алды. Республикашылардың жеңіліске ұшырауының себебі айқын: президенттік мерзімінің алғашқы екі жылында Трамп сайлаушылардың үмітін жүйелі түрде ақтамады. Ол 2024 жылғы президент сайлауына нақты міндеттерді жүзеге асыруға уәде беріп қатысқан еді. Атап айтқанда:

Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін көбейтуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2027 жылы мұнай өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. «Әзірге (2026 жылы – ҚазТАГ) жоспарға сай жұмыс істеп жатырмыз. Биыл 96 млн тонна мұнай өндіру көзделген. Келесі жылдың көрсеткішін қазір нақтылап жатырмыз.

Каспийдегі әскери қызметшілердің өлімі: Бас прокуратура тергеу барысын жариялады

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу органдары қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жекпе-жек чемпионы Ұлттық ұланның арнайы жасағына қабылданды

Бүркіт» арнайы жасағына тұңғыш рет әйел әскери қызметші қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат бұған дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап келсе, енді еліміздегі ең таңдаулы арнайы жасақтардың бірінің жауынгері атанды.