Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстанда ауқымды мемлекеттік реформалар басталатынын айтты

Тоқаев Қазақстанда ауқымды мемлекеттік реформалар басталатынын айтты

|

|

Астана. 30 маусым. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасын түбегейлі жаңғырту басталатынын мәлімдеді.

«Ертеңнен бастап ауқымды реформаларға жол ашылады. Мұны жай ғана әкімшілік реформа ретінде қабылдауға болмайды, өйткені бұл – еліміз үшін жаңа тарихи кезең. Біз бұрын-соңды болмаған өзгерістерді жүзеге асырамыз. Басқаша айтқанда, Қазақстан мемлекеттілігінің негізін түбегейлі жаңғыртуды қолға аламыз», – деді Тоқаев сейсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде.

Президенттің айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесінің сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.

«Бұл – мемлекеттік қызметте жүрген барлық азаматтың күш-жігерін талап ететін аса маңызды міндет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Перудағы президент сайлауында Кейко Фухимори жеңіске жетті

Перудің консервативті «Халық күші» партиясының жетекшісі Кейко Фухимори президент сайлауының екінші турында жеңіске жетті. Бұл туралы дауыс берудің түпкілікті қорытындылары көрсетіп отыр.

Тоқаев: Құрылтай парламентаризм дәстүрінің сабақтастығын сақтауы тиіс

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында сайланатын жаңа бір палаталы Құрылтай заң шығару қызметінің сабақтастығын қамтамасыз етіп, Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы негізгі институтқа айналуы тиіс екенін мәлімдеді.

Тоқаев құрылтай сайлауын ашық әрі әділ бәсеке жағдайында өткізуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл тамызда өтетін бір палаталы парламент – құрылтай сайлауы ашық, адал және әділ бәсеке жағдайында өтуі тиіс екенін мәлімдеді.

Қылмыстық марафон

Павлодарда 29 маусымға қараған түні оқиғаға толы болды. Әрине, бұл түннің «қызығын» бәрі бірдей көрген жоқ. Мас күйде жергілікті тұрғын дүкен тонап, полиция көлігін айдап кетіп, тәртіп сақшыларынан қашпақ болған.