Евразия24ЖаңалықтарRespublica партиясы төрағасының өкілеттігі үш жылға ұзартылды

Respublica партиясы төрағасының өкілеттігі үш жылға ұзартылды

|

|

Астана. 4 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Respublica партиясының съезі партия төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың өкілеттігін үш жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.

Айдарбек Қожаназаровтың кандидатурасын 592 делегат қолдады, бір делегат қалыс қалды. Қолданыстағы төрағаның өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 29 шілдеде аяқталуы тиіс болатын.

Партияның ішкі рәсімдеріне сәйкес, төраға партияның тең төрағалары қатарынан орталық кеңестің ұсынуымен сайланып, съезде ашық дауыс беру арқылы үш жыл мерзімге бекітіледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін партия басшысының өкілеттігі съезд жаңа төрағаны сайлағанға дейін сақталады немесе келесі мерзімге ұзартылады.

Съезд барысында делегаттар партияның атқарған жұмысын қорытындылап, жарғыға өзгерістер енгізеді. Түзетулер өңірлік филиалдар төрағаларын тағайындау және қызметінен босату рәсімдерін орталықтандыруды көздейді.

Сонымен қатар басқару органдарының өкілеттіктері нақтыланып, қайталанатын функциялар жойылады. Сондай-ақ кадрлық рәсімдерді орталықтандыру және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізіледі.

Съезде Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, бақылау-тексеру комиссиясының құрамы жаңартылады және Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық кандидаттар тізімі мақұлданады.

Тізім негізінен партия белсенділерінен, кадр резервінің мүшелерінен, партияның білім беру бағдарламаларының түлектерінен, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен жасақталған.

Қазақстанда Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.