Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

|

|

Астана. 5 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының президенті Абдельмаджид Теббунға жеделхат жолдап, оны және Алжир халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз Алжирді араб әлеміндегі сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Мызғымас достық пен өзара түсіністікке негізделген қазақ-алжир қарым-қатынасы халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенімдімін», – делінген Президенттің жеделхатында.

Мемлекет басшысы Абдельмаджид Теббунға жауапты қызметінде табыс, ал достас Алжир халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ пен Иранның келесі келіссөзі Пәкістанда немесе Швейцарияда өтуі мүмкін

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі Пәкістан астанасы Исламабадта немесе Швейцарияның Бюргеншток курортында өтуі ықтимал. Бұл туралы жексенбі күні Пәкістанның Dawn порталы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Трамп АҚШ-та коммунизмге орын жоқ екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған салтанатты сөзінде америкалықтарды әсіре солшыл идеологиядан сақтандырды.

АҚШ сарапшылары Иранның уран байытуға арналған қосалқы нысан салып жатқанын мәлімдеді

Иран елдің солтүстік-батысындағы Пикакс тауының ішінде уран байытуға арналған қосалқы жерасты нысанын салып жатыр. Бұл туралы Fox News телеарнасы Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институтының (ISIS) зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады.