Евразия24Не болдыБала қауіпсіздігі – ата-ананың міндеті

Бала қауіпсіздігі – ата-ананың міндеті

|

|

Жаз мезгілі басталысымен-ақ түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде сенделіп жүретін кәмелетке толмағандар мәселесі тағы да күн тәртібіне шығады.

Осыған байланысты 1–3 шілде аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтті. Оған үш мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Рейдтер Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында ұйымдастырылды. ZTB News таратқан мәліметке сәйкес, осы шаралар барысында полиция бөлімшелеріне 2400-ден астам кәмелетке толмаған жеткізілген. Оның ішінде 1500-ден астам жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, мыңға жуығы қараусыз және қадағалаусыз жүргені үшін есепке алынған. Жалпы саны төрт мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Тәртіп сақшылары балалардың заңды өкілдеріне қатысты да шара қолданды. Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 257 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, балаларының түнгі уақытта көшелерде немесе ойын-сауық орындарында жүргеніне байланысты шамамен 1500 ата-анаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Соңғы жылдары мемлекет кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты ересектердің жауапкершілігін кезең-кезеңімен күшейтіп келеді. Соның нәтижесінде бұрынғыдай тек «тәрбие беру» ұғымына ғана емес, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетіне де басымдық берілді.

2024 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына елеулі өзгерістер енгізілді. Бұған дейін бұл бап негізінен ата-аналардың немесе заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттеріне қатысты болса, түзетулерден кейін жауапкершілік кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындамау жағдайларына да тікелей қолданылатын болды.

Соған қарамастан құқық бұзушылардың саны азаймай отыр. Бірі «ештеңе бола қоймас» деген үмітке сүйенсе, енді бірі баласының түнгі уақытта көшеде жүруін заң бұзушылық деп мүлде қабылдамайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.

ТМД елдері 2030 жылға дейінгі негізгі міндеттерді белгіледі

ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.