Евразия24ЖаңалықтарҚарашығанақтағы өндіру көлемі әлі толық қалпына келген жоқ

Қарашығанақтағы өндіру көлемі әлі толық қалпына келген жоқ

|

|

Астана. 7 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазіргі уақытта Қарашығанақ кен орнында тәулігіне 28 мың тонна сұйық көмірсутек өндірілуде. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

«Бүгінде Қарашығанақтағы тәуліктік өндіріс көлемі 28 мың тоннаны құрайды», – деді Хасенов.

Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов кен орнында қалыпты жағдайда тәулігіне 34 мың тонна сұйық көмірсутек өндірілетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар, ҚМГ басшысы қазіргі кезде Қарашығанақтан Орынбор газ өңдеу зауытына сағатына 290 мың текше метр газ жеткізіліп жатқанын, бұл қалыпты көлемнің 29%-ына ғана тең екенін нақтылады.

Бұған дейін хабарланғандай, маусым айының соңында Орынбор газ өңдеу зауытында болған оқиғаға байланысты Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі – Қарашығанақтағы өндіріс көлемі қысқартылған еді.

Сол кезде Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов газ қабылдау көлемі азайғанымен, елді газбен қамтамасыз етуге бұл жағдай әсер етпегенін мәлімдеген.

Еске салсақ, Қарашығанақ кен орнынан өндірілетін шикі газ «Газпромның» Орынбор газ өңдеу зауытына жеткізіледі. Өңдеуден кейін оның бір бөлігі Қазақстанға тауарлық және сұйытылған газ түрінде қайтарылады. Қарашығанақта ілеспе газ өндіру мұнай мен газ конденсатын өндірумен тікелей байланысты.

24 маусымда Қазақстанның Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытындағы оқиғаға байланысты газ жеткізу логистикасы қайта қаралғанын және елдің отынға деген сұранысы өзге көздер есебінен қамтамасыз етіліп жатқанын хабарлаған болатын.

«Газпром» мен «ҚазМұнайГаз» 2002 жылдан бері «ҚазРосГаз» бірлескен кәсіпорны аясында ынтымақтастық орнатып келеді. Бұл кәсіпорын Қарашығанақ газын сатып алу, оны Орынбор газ өңдеу зауытында өңдеу және дайын өнімді Қазақстан мен Ресей тұтынушыларына өткізу мақсатында тең үлеспен құрылған.

Қарашығанақ кен орнынан газ сатып алу-сату жөніндегі ұзақ мерзімді келісімге жоба операторы Karachaganak Petroleum Operating B.V. мен «ҚазРосГаз» 2007 жылы қол қойған. 2015 жылы келісімнің мерзімі 2038 жылға дейін ұзартылды. Құжат жылына 9 млрд текше метрге дейін газ жеткізуді көздейді.

Қарашығанақ – әлемдегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірі. Оның мұнай қоры 1,2 млрд тоннаны, ал газ қоры 1,35 трлн текше метрді құрайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.

ТМД елдері 2030 жылға дейінгі негізгі міндеттерді белгіледі

ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.