Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан 154,7 млрд иена көлемінде халықаралық қарыз тартады

Қазақстан 154,7 млрд иена көлемінде халықаралық қарыз тартады

|

|

АСТАНА. 15 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсуді қаржыландыру жөніндегі саясатты қолдауға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды.

Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев бұған дейін жалпы көлемі 154,7 млрд жапон иенасын құрайтын қарыз туралы келісімдерге биылғы 20 мамыр мен 15 маусымда қол қойылғанын хабарлаған болатын.

«Қарыз валютасы ретінде жапон иенасының таңдалуы Жапониядағы базалық пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуына, сондай-ақ теңге мен жапон иенасы бағамдарының өзара байланысының жоғары болуына байланысты», – деген еді министр.

Оның айтуынша, тартылатын қаражат Үкіметтің бірқатар бастамаларын, оның ішінде экономиканың маңызды бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

«Аталған банктердің қарыздары 11 жыл мерзімге, оның ішінде бес жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі. Қарыздар бойынша міндеттемелер келісімдерде белгіленген қаржылық талаптарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалады», – деп мәлімдеген болатын Такиев.

Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі TONA + өзгермелі спред формуласы бойынша айқындалады. Сонымен қатар қарыз сомасының 0,25 пайызы мөлшерінде біржолғы комиссия және игерілмеген қаражат қалдығына жылына 0,25 пайыз көлемінде резервтеу комиссиясы қарастырылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.