Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан 154,7 млрд иена көлемінде халықаралық қарыз тартады

Қазақстан 154,7 млрд иена көлемінде халықаралық қарыз тартады

|

|

АСТАНА. 15 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсуді қаржыландыру жөніндегі саясатты қолдауға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды.

Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев бұған дейін жалпы көлемі 154,7 млрд жапон иенасын құрайтын қарыз туралы келісімдерге биылғы 20 мамыр мен 15 маусымда қол қойылғанын хабарлаған болатын.

«Қарыз валютасы ретінде жапон иенасының таңдалуы Жапониядағы базалық пайыздық мөлшерлемелердің төмен болуына, сондай-ақ теңге мен жапон иенасы бағамдарының өзара байланысының жоғары болуына байланысты», – деген еді министр.

Оның айтуынша, тартылатын қаражат Үкіметтің бірқатар бастамаларын, оның ішінде экономиканың маңызды бағыттарын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

«Аталған банктердің қарыздары 11 жыл мерзімге, оның ішінде бес жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі. Қарыздар бойынша міндеттемелер келісімдерде белгіленген қаржылық талаптарға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалады», – деп мәлімдеген болатын Такиев.

Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі TONA + өзгермелі спред формуласы бойынша айқындалады. Сонымен қатар қарыз сомасының 0,25 пайызы мөлшерінде біржолғы комиссия және игерілмеген қаражат қалдығына жылына 0,25 пайыз көлемінде резервтеу комиссиясы қарастырылған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжаттың мәтіні сәрсенбі күні «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.

Цифрлық алқап: жеңілдетілген тариф кімге тиімді?

Eurasia24 редакциясы электр энергетикасы тақырыбына үнемі назар аударып келеді: электр энергиясының тарифтері жай ғана өсіп жатқан жоқ, олардың өсу қарқыны барған сайын күшейіп келеді.

Айыппұлды өндірудің өз қиындығы бар

Заң тұрғысынан алғанда, ұлттық соттың заңды күшіне енген шешімі мемлекетке Қашаған акционерлерінен экологиялық айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін атқарушылық іс жүргізуді бастауға құқық береді. Алайда бұл қаражаттың 20 шілдеде-ақ мемлекет қазынасына түсетінін білдірмейді.

2026 жылғы сайлау құны қанша болмақ?

Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімдер толық жасақталғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы қай партиялардың сайлау жарнасын төлейтінін жариялады.