Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген...

Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге қол қойды

|

|

АСТАНА. 15 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжаттың мәтіні сәрсенбі күні «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.

Заңның мақсаты – мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде халықтың рөлін күшейту.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру аясында мәслихаттардың, әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарларының орындалу қорытындыларын қарау, бюджеттік комиссиялардың жұмысына қатысу, елді мекендерді санитарлық тазалау қағидаларын бекіту, сондай-ақ тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелеріне тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі өкілеттіктері кеңейтіледі.

Сонымен қатар мәслихат төрағасы мен мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері нақты ажыратылып, мәслихат депутаттарының сауалдарына жауап беру мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылады.

Заңға сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеттеріне қосымша кіріс көздері беріледі. Олардың қатарында заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығынан түсетін түсімдер, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымдар, сондай-ақ экологиялық айыппұлдардың бір бөлігі бар.

Құжатта өндірістік нысандар салуға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру, оларды электрондық форматта келісу рәсімдерін жетілдіру, қоғамдық талқылаулар өткізу және жайылымдық жерлерге түсетін ең төменгі жүктеме шегін белгіленген ең жоғары рұқсат етілген норманың 50 пайызынан 30 пайызына дейін төмендету көзделген.

Құрылыс кодексіне енгізілген түзетулер аясында мемлекеттік сараптама ұйымының порталы арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларын келісу және бастапқы материалдарды беру тетігі енгізіледі. Сондай-ақ құрылыс жобаларына сараптама жүргізу рәсімдері жетілдіріліп, құрылыс саласын одан әрі цифрландыру қарастырылған.

Заң азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін де жетілдіреді. Атап айтқанда, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және кондоминиум объектілерін басқару мәселелері нақтыланған.

Сонымен бірге коммуналдық меншіктегі әрі оңалту рәсімінен өтіп жатқан энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын субсидиялау жөніндегі өкілеттік жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

Денсаулық сақтау саласында қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану, сондай-ақ суррогат ана болуға қатысты құқықтық нормалар нақтыланды.

Заңда сот-сараптама қызметі субъектілеріне қойылатын жекелеген талаптар мен сарапшылардың азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысуын реттейтін процестік нормалар да нақтыланған.

Бұдан бөлек, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, сондай-ақ орта білім беруге арналған жекелеген шығыстарды облыстық деңгейден аудандық және облыстық маңызы бар қалалар деңгейіне қайта бөлу көзделген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.