Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Таиланд елін Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады

Тоқаев Таиланд елін Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады

|

|

Астана. 17 шілде. INTERFAX-ҚАЗАҚСТАН – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Таиланды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президент экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетіне жоғары баға беріп, 2026 жылдың алғашқы төрт айында екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76%-ға өсіп, 110 млн АҚШ долларынан асқанын айтты.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл көрсеткішті ең алдымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту және туризмді дамыту есебінен едәуір арттыруға болады.

Өз кезегінде Анутин Чарнвиракул Таиландтың өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Экспорттың қарқынды өсуі ішкі нарыққа қалай әсер етеді?

Сауда және интеграция министрлігі  ерекше жаңалық жариялады. Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстан экспорты рекордтық қарқынмен өсіп, өсім көрсеткіші импорттан төрт еседен астам жоғары болған. Бұл өсімге негізінен агроөнеркәсіп кешені серпін берген. Күнбағыс майы, астық, ұн және зығыр экспорты бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Алайда дүкен сөрелеріне көз салсақ, аталған өнімдердің шетелден әкелінген түрлері де аз емес. Алайда отандық азық-түліктің шетелге көптеп шығарылуы ішкі нарықта тапшылық тудырып, бағаның негізсіз қымбаттауына және импорттық өнімдердің көбеюіне әкеліп соқпай ма? Оның үстіне, мемлекет соңғы екі жылдан бері азық-түлік инфляциясын тежеу шараларын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ұлттық статистика бюросы,

Қазақстан ШЫҰ отырысында бірқатар бастама көтерді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді сауда байланыстарын нығайтуға, көлік дәліздерін дамытуға және цифрлық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Бұл бастамалар Душанбеде өткен ШЫҰ Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ұсынылды.

Жасөспірімдерге төнген қауіп: экстремистік ағымдардың арбау тәсілдері

Жасөспірімді теріс ағымға тарту үшін міндетті түрде агрессивті ұрандар қолданылмайды. Бәрі бір қарағанда еш күдік тудырмайтын орман көрінісінен, жаттығу туралы бейнероликтен, дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестен немесе ежелгі дәстүрлер жайлы материалдан басталуы мүмкін.

Есірткі ісі бойынша ұсталған Navai Қазақстаннан шығарылды

Бір апта бұрын біз Жамбыл облысында ресейлік рэпер Наваи Бакировтың есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға және сақтауға қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. Алайда істің соңы біз күтпеген бағытта өрбіді.