Евразия24ЖаңалықтарОСК «Байтақ» партиясының Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарын тіркеді

ОСК «Байтақ» партиясының Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарын тіркеді

|

|

Астана. 20 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында «Байтақ» жасылдар партиясының партиялық тізімін тіркеді. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.

Дүйсенбі күні өткен отырыста ОСК мүшелері «Байтақ» партиясынан ұсынылған Құрылтай депутаттығына кандидаттардың Конституция мен «Сайлау туралы» конституциялық заң талаптарына сәйкестігін анықтау туралы, сондай-ақ партияның партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларды қабылдады. Партиялық тізімге 47 кандидат енгізілген.

«Партиялық тізімде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатынан 18 кандидат бар. Олар жалпы тізімнің 38,3 пайызын құрайды. Заңда белгіленген 30 пайыздық квота сақталған. Партиялық тізімге енгізілген барлық тұлға Конституция мен «Сайлау туралы» конституциялық заң талаптарына сәйкес келеді», – деді ОСК мүшесі Азамат Айманақұмов.

«Байтақ» партиясы ОСК-да партиялық тізімі тіркелген бесінші саяси партия болды. Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) және Respublica партиясының кандидаттары тіркелген болатын.

Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленген. Заң шығарушы билікті жүзеге асыратын Қазақстанның жоғары өкілді органы – Құрылтай алғаш рет сайланады. Бұған дейін елде Мәжіліс пен Сенаттан тұратын екі палаталы Парламент жұмыс істеген.

Құрылтай 145 депутаттан тұрады. Олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесімен сайланады. Яғни сайлаушылар партиялық тізімдерге дауыс береді. Депутаттар жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Құрылтайдан орын алу үшін партиялар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша дауыс беру қорытындысында 5 пайыздық межеден өтуі тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жеті саяси партия ресми тіркелген. Олар: жуырда құрылған «Әділет» партиясы (оған маусым айының ортасында қайта ұйымдастыру арқылы биліктегі Amanat партиясы қосылған), «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы (ҚХП), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), «Байтақ» жасылдар партиясы және Respublica партиясы. Бұрынғы екі палаталы Парламентте осы партиялардың алтауы ұсынылған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстан қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар салуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕО елдері одақты кеңейту үдерісін жандандыру жолдарын талқылауда

Жұма күні Дублинде өтіп жатқан ЕО-ның Жалпы мәселелер жөніндегі бейресми кеңесінде одақты кеңейту үдерісінде қалыптасқан тоқыраудан шығу жолдары бірнеше айдан бері алғаш рет кеңінен талқыланып жатыр, деп жазды Politico.

Әлемдік нарықта азық-түлік бағасы өсті

Әлемдік азық-түлік бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 1,9%-ға өсті. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) ай сайынғы шолуында айтылған.

Хуситтер Йеменнің Таиз провинциясындағы бірқатар аумақты бақылауына алды

Йеменнің үкімет әскері елдің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясында бірқатар аумақты хуситтерге беріп қойды. Бұл аймақта түні бойы шайқас жүрді, деп хабарлады «Әл-Жазира» телеарнасы.