Евразия24ЖаңалықтарТаяу Шығыстағы ахуалдың тұрақтануына байланысты мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді

Таяу Шығыстағы ахуалдың тұрақтануына байланысты мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді

|

|

Мәскеу. 3 тамыз. ИНТЕРФАКС – Дүйсенбі күні Таяу Шығыстағы қақтығыстың дипломатиялық жолмен реттелуі мүмкін деген үміттің күшеюіне байланысты әлемдік мұнай нарығында баға айтарлықтай төмендеп отыр.

Мәскеу уақытымен сағат 14:25-тегі мәлімет бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері бір баррель үшін 83,47 АҚШ долларына дейін төмендеді. Бұл алдыңғы сауда сессиясының жабылу бағасынан 4,46 долларға немесе 5,07%-ға төмен.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электрондық сауда барысында WTI маркалы мұнайдың қыркүйек айына арналған фьючерстері 5,08 долларға немесе 6%-ға арзандап, бір баррель үшін 79,59 АҚШ долларын құрады.

АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Truth Social әлеуметтік желісінде Иранға жоспарланған ауқымды әскери соққылардан әзірге бас тартқанын және алға қойған мақсаттарына бейбіт жолмен қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуылды кейінге қалдыруды Тегеранның өзі және Таяу Шығыстағы бірқатар мемлекет сұраған.

Кейінірек Трамп журналистерге Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктері Ормуз бұғазы мәселесіне қатысты Иранмен өзара түсіністікке қол жеткізілгенін растағанын айтты.

Президент Ормуз бұғазына қатысты келісімге «жуық арада» қол қойылады деген пікір білдірді. Алайда оның нақты мазмұны қандай болатынын түсіндірген жоқ. Сонымен қатар қажет болған жағдайда АҚШ Иранға қарсы әскери соққыларды кез келген уақытта қайта жалғастыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Кеме қозғалысын бақылау деректеріне сәйкес, соңғы күндері Ормуз және Баб-эль-Мандеб бұғаздары арқылы өтетін танкерлер саны азайған. Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) сенбіден бері Ормуз бұғазы маңында танкерлерге жасалған үш шабуыл туралы хабарлаған.

Itochu Research Institute сарапшысы Такахиро Асаоканың пікірінше, мұнай бағасының төмендеуі нарық қатысушыларының қақтығыстың одан әрі ушығу қаупі әзірге сейілгеніне байланысты көңілінің орныққанын көрсетеді.

«Алайда Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қалыпты жұмысын толық қалпына келтіретін нақты келісім жасалмайынша, мұнай бағасының тұрақты түрде төмендеуі екіталай», – деді сарапшы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.