Евразия24Жаңалықтар2026 жылы шілдеде мұхит бетінің температурасы рекордтық деңгейге жетті

2026 жылы шілдеде мұхит бетінің температурасы рекордтық деңгейге жетті

|

|

Брюссель. 10 тамыз. ИНТЕРФАКС – 2026 жылы шілдеде Дүниежүзілік мұхиттың орташа температурасы Цельсий бойынша 21 градусқа жуықтап, бақылау жүргізіле бастағалы бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні Еуропаның Copernicus климаттық қызметі хабарлады.

«2026 жылы шілдеде полярлық аймақтардан тыс мұхит бетінің орташа температурасы осы ай үшін рекордтық деңгейге жетіп, Цельсий бойынша 20,96 градусты құрады. Бұған дейінгі рекорд 2023 жылы шілдеде тіркелген 20,89 градус болатын», – делінген қызмет мәлімдемесінде.

Copernicus мәліметінше, әлемдік мұхит беті температурасының көтерілуіне Эль-Ниньо табиғи құбылысы да әсер еткен. Бұл құбылыс Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су бетінің жылынуымен сипатталады. Әдетте Эль-Ниньо Оңтүстік Американың оңтүстігінде, АҚШ-тың оңтүстік аймақтарында, Сомали түбегі мен Орталық Азияда жауын-шашынның көбеюіне әкеледі. Ал Оңтүстік Американың солтүстігінде, Кариб аралдарында, Австралияда, Индонезия мен Оңтүстік Азияда, керісінше, құрғақшылықтың күшеюіне ықпал етеді.

Copernicus биылғы жазда ауа температурасының да жоғары болғанын тіркеді. Қызметтің дерегінше, 2026 жылы шілде бақылау тарихындағы ең ыстық шілде айларының арасында екінші орынға шығып, 2024 жылғы көрсеткішпен теңесті. Биыл шілдедегі орташа ауа температурасы Цельсий бойынша 16,90 градусты құрады. Ал ең жоғары көрсеткіш 2023 жылдың шілдесінде тіркелген.

Маусым және шілде айларында Еуропада аптап ыстық болды. Шығыс Еуропаның бірқатар елінде ауа райына байланысты ең жоғары қауіп деңгейі жарияланды. Ал Батыс Еуропада, соның ішінде Испания, Франция және Грекияда ауқымды табиғи өрттер болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жоғары аудиторлық палата ғылым саласында 51 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы ғылым саласындағы мемлекет қаражаты мен активтерінің пайдаланылуына жүргізген аудит қорытындысында 51 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын және 47 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғанын анықтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Қазақстан қытайлық CATL технологиясымен энергия жинақтау жүйелерін өндіруді бастады

Қазақстан Саран қаласының индустриялық аймағында қытайлық CATL (Contemporary Amperex Technology Co. Ltd.) технологиясы негізінде энергия жинақтау жүйелерін өндіру жобасын іске асыруға кірісті.

Қазақстан электр энергиясын жинақтау жүйелерін салуға аукциондар өткізуді жоспарлауда

Қазақстанның энергожүйесінің маневрлік қуатқа деген қажеттілігі шамамен 3 ГВт деп бағаланып отыр.

Қазақстан Жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау шарты туралы конвенцияны (ЖХАТШ/CMR) ратификациялау туралы» заңды қарап, екі оқылымда қабылдады.