Евразия24Таңдаулы жаңалықтарЖасөспірімдерге арналған ChatGPT: жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндігі

Жасөспірімдерге арналған ChatGPT: жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндігі

|

|

Nege.kz хабарлайды: «OpenAI 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ChatGPT for Teens нұсқасын таныстырды. Жаңа режимде суицид, өзіне зиян келтіру, сексуалдық және романтикалық сипаттағы тақырыптарға қатысты шектеулер күшейтілген. Сондай-ақ чат-бот жасөспірімге өзін сезімі мен санасы бар немесе пайдаланушыға эмоциялық тұрғыда жақын тіршілік иесі ретінде көрсетпеуі тиіс. Үй тапсырмасын орындау кезінде жүйе дайын жауапты бірден ұсынбай, оқушының мәселені өз бетінше шешуіне көмектеседі. Ол үшін тақырыпты түсіндіріп, дұрыс бағытқа жетелейтін сұрақтар қояды. Ата-аналар өз аккаунтын баласының аккаунтымен байланыстырып, ChatGPT қолданылмайтын уақыт аралығын белгілей алады. Жасөспірімнің қауіпсіздігіне елеулі қатер төнген жекелеген жағдайларда ата-анаға тиісті хабарлама жіберіледі. Алайда баланың ChatGPT-пен жазысқан хаттарын көруге мүмкіндік берілмейді. Егер жүйе пайдаланушының 18 жасқа толмағанын анықтаса, оның аккаунты автоматты түрде жасөспірімдерге арналған режимге көшіріледі. Жасты анықтау үшін OpenAI арнайы бағалау жүйесін қолданады. Онда пайдаланушының қандай сауалдар қоятыны және сервисті пайдалану ерекшеліктері де ескеріледі».

 

Еуразия24 пікірі:

Қазақстанда жасанды интеллектіні қолдану аясы қарқынды кеңейіп келе жатқанын ескерсек, мұндай шешімнің маңызы зор. Бұған дейін UNICEF Kazakhstan  балаларға қауіпсіз жасанды интеллектіні дамыту бағытында бірқатар жұмыс жүргізді. Балалардың мүддесін ескеретін ЖИ жүйелеріне қатысты қауіпсіздік ұсынымдары әзірленіп, тиісті қағидалар «Қазақстан балалары» тұжырымдамасына енгізілді. 2026 жылы мемлекет білім беру саласына ЖИ енгізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар адарды.

2025 жылы мамырда Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мектеп оқушыларына ChatGPT пайдалануды шектеу туралы ұсыныстарға қатысты өз ұстанымын білдірген болатын. Ол тыйым салудың орнына балалардың сыни ойлау қабілетін дамытып, жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық қағидаларын қалыптастыру қажет екенін айтты.

Дегенмен балалар арасында кеңінен қолданылатын әрі білім алуға мол мүмкіндік беретін мұндай сервистерді әр мемлекеттің жеке-жеке шектеуге тырысқанынан гөрі, OpenAI-дың өз платформасында жасөспірімдердің жас ерекшелігіне сай қауіпсіздік тетіктерін енгізуі әлдеқайда тиімді болмақ.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Саденовті қабылдап, елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс Каспийдегі оқу-жаттығуды әзірлеу мен өткізу кезінде елеулі кемшіліктер болғанын анықтады

Қазақстан Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру жөніндегі комиссия Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқан оқу-жаттығуды әзірлеу және жоспарлау барысында елеулі кемшіліктер жіберілгенін анықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті оқу-жаттығуда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізілген аудит нәтижелерімен танысты

Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылғанын анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жоспардан тыс аудиттің барысы туралы есеп берді, деп хабарлады дүйсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Әлемдегі мұнай қоры қауіпті деңгейге дейін азайды – Saudi Aramco

Мұнай жеткізуде іркіліс болған жағдайда оның салдарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін әлемдік мұнай қоры «алаңдатарлықтай төмен» деңгейге дейін азайды. Бұл туралы Сауд Арабиясының мемлекеттік Saudi Aramco компаниясының басшысы Амин Насер мәлімдеді.