Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін заң қабылданды

Қазақстанда рейтинг агенттіктерінің қызметін реттейтін заң қабылданды

|

|

Астана. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» заңға және оған ілеспе түзетулерге қол қойды.

Құжаттар жұма күні ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Заңда рейтингтік қызметтің негізгі қағидаттары белгіленген. Атап айтқанда, қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, рейтингтердің сапасына қойылатын талаптарды сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және ақпараттың құпиялылығын қорғау мәселелері қамтылған.

Сонымен қатар кредиттік рейтинг агенттіктерінің жұмысына, олардың капиталына және бағалау әдістемесіне қойылатын талаптар айқындалды. Халықаралық және шетелдік рейтинг агенттіктерін тану тәртібі де белгіленді.

Қабылданған түзетулер рейтингтік қызметтің құқықтық және институционалдық негізін қалыптастыруға, рейтинг берілетін тұлғалар мен кредиттік рейтингті пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Сондай-ақ рейтинг агенттіктерінің қызметінде ашықтық пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету көзделген.

Кредиттік рейтинг алу ерікті болады. Алайда мемлекет қатысатын заңды тұлғалар үшін кредиттік рейтингтің болуы міндетті. Қазақстандық рейтинг агенттіктеріне жарғылық капиталға қатысты талап енгізіледі. Сондай-ақ оларға рейтингтік бағалау жүргізу үшін мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Заңда ұйымның немесе тұлғаның өтінішінсіз берілетін, сондай-ақ жарияланбайтын рейтингтерді айқындау тәртібі де қарастырылған. Мұндай рейтинг рейтинг берілетін тараптың келісімінсіз де жасалуы мүмкін.

Бұған қоса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң қабылданды. Құжатқа сәйкес, уәкілетті органның рейтинг агенттіктерінің жұмысын реттеу және қадағалау жөніндегі өкілеттігі кеңейтіледі. Сонымен қатар банктер мен сақтандыру ұйымдарына кредиттік рейтинг агенттіктерінің капиталына инвестиция салуға мүмкіндік беріледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.