Евразия24ЖаңалықтарHyundai Motor қызметкерлері он жылдан бері алғаш рет жаппай ереуілге шықты

Hyundai Motor қызметкерлері он жылдан бері алғаш рет жаппай ереуілге шықты

|

|

Нью-Йорк. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Hyundai Motor қызметкерлері жұма күні 2016 жылдан бері алғаш рет бір күндік жаппай ереуіл өткізді. Олар жалақыны көтеруді және өндіріске жаңа технологиялар енгізілген жағдайда жұмыс орындарының сақталуына кепілдік беруді талап етіп отыр.

The Wall Street Journal мәліметінше, кәсіподақтың ондаған мың мүшесі қатысқан ереуіл кезінде Hyundai Motor мен Kia зауыттарындағы өндіріс толық тоқтады. Қызметкерлердің бір бөлігі Сеулде өткен митингіге де қатысты.

Бұған дейін оңтүстіккореялық автоконцерн қызметкерлері бірнеше рет қысқа мерзімді ереуіл ұйымдастырып, жұмыс ауысымын белгіленген уақыттан бірнеше сағат бұрын аяқтап жүрген. Наразылық шаралары келесі аптада да жалғасады деп жоспарланған.

Компания ереуілдің салдары туралы нақты мәлімет жариялаған жоқ. Ал Yonhap агенттігінің есебінше, өндірістің тоқтауынан келген шығын 2,3 трлн воннан, яғни 1,65 млрд доллардан асқан.

«Наразылық шаралары клиенттерімізге, серіктестерімізге және компания жұмысына әсер етуі мүмкін. Қазір автомобиль индустриясы жаңа технологияларға бет бұрған шешуші кезеңде тұр. Бұл өзгеріске табысты бейімделу үшін екі тарап та бірлесіп әрекет етуі қажет. Hyundai мәселені келіссөз арқылы шешуге дайын», – делінген компания мәлімдемесінде.

Компания басшылығы мен кәсіподақ өкілдері келіссөздердің қазіргі барысы және тараптардың ұстанымы туралы әзірге толық мәлімет берген жоқ.

Кәсіподақ негізгі жалақы мен сыйақы мөлшерін көбейтуді, сондай-ақ міндетті зейнетке шығу жасын қазіргі 60 жастан кемінде 65 жасқа дейін ұзартуды талап етіп отыр. Қызметкерлерді компанияның өндірісте роботтар мен жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану жоспары да алаңдатады. Осыған байланысты олар жұмыс орындарын сақтауға кепілдік берілуін талап етуде.

Жұма күнгі сауда қорытындысында Hyundai Motor акциялары 0,6%-ға арзандады. Ал жыл басынан бері компания акцияларының құны шамамен 40%-ға өскен.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.