Евразия24ЖаңалықтарИрак мұнай өндірісін тәулігіне 10 млн баррельге дейін ұлғайтпақ

Ирак мұнай өндірісін тәулігіне 10 млн баррельге дейін ұлғайтпақ

|

|

Дубай. 21 тамыз. ИНТЕРФАКС – Ирак үкіметі алдағы алты жылда мұнай өндірісін тәулігіне 8–10 млн баррельге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты Бағдад ОПЕК аясында елге бөлінетін өндіріс квотасын қайта қарауды көздейді. Бұл туралы жұма күні Ирак премьер-министрі Әли аз-Зейди мәлімдеді.

«ОПЕК аясында Иракқа белгіленген квотаны көбейту жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алдағы алты жыл ішінде тәулігіне 8–10 млн баррель мұнай өндіруге қол жеткізуді көздейміз», – деді премьер-министр. Оның сөзін үкімет басшысының кеңсесі таратты.

Аз-Зейди Ирактың мұнай қоры мен халық санын ескере отырып, елге экспорттық мүмкіндігін кеңейту қажет деп санайды.

«Ирак ИГИЛ террористік ұйымына қарсы күресте бүкіл аймақ пен әлемнің қауіпсіздігін қорғады. Сондықтан мұнай экспортына берілетін квота ел халқының саны мен мұнай қорының ауқымына сай белгіленуі керек», – деді ол.

Ирак мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың балама жолдарын да кеңейтіп жатыр. Соңғы уақытта Түркияның Жейхан портына баратын құбыр арқылы тасымал көлемі артқан. Бұдан бөлек, Сирия бағытындағы Киркук – Банияс және Иорданияға шығатын Басра – Акаба құбырларын қайта іске қосу мәселесі қарастырылып жатыр.

ОПЕК+ келісімі бойынша Иракқа тамызда тәулігіне 4,405 млн баррель, қыркүйекте 4,431 млн баррель мұнай өндіруге рұқсат берілген. Алайда Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының шектелуі елдің мұнай экспортын қиындатып, өндіріс көлеміне де әсер етті. Наурыз-маусым айларында Ирак тәулігіне орта есеппен 1,4–1,7 млн баррель мұнай өндірді. Маусымда өндіріс 2 млн баррельге жуықтап, шілдеде 2,6 млн баррельге дейін өсті.

Ирак мұнай саласының өндірістік әлеуетін арттыру үшін ірі шетелдік инвестиция тартуға да кірісті. Премьер-министрдің шілдедегі АҚШ сапары кезінде энергетика саласына қатысты жалпы құны шамамен 200 млрд доллар болатын келісімдер жасалды. Ирак Мұнай министрлігінің мәліметінше, HKN Energy компаниясы Химрин кен орнын игеруге қатысады. Chevron Батыс Курна-2 жобасымен қатар Насирия және Балад кен орындарында жұмыс істейді. Ал Halliburton компаниясына Бин-Умар мен Синдбад кен орындарын кешенді басқару жоспарланған.

Ирактың ОПЕК+ аясындағы квотасын қайта қарау мәселесі Біріккен Араб Әмірліктері альянстан шыққаннан кейін көтеріліп отыр. БАӘ 1 мамырдан бастап келісімге қатысуын тоқтатып, маусымда мұнай өндірісін тәулігіне 3,8 млн баррельге дейін ұлғайтты. Шілдеде де өндіріс осы деңгейде сақталды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев ауыл шаруашылығын қолжетімді шарттармен несиелеуге банктерді кеңінен тарту қажет деп санайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне екінші деңгейлі банктердің аграрлық саланы қолжетімді шарттармен несиелеуге қатысуын кеңейту мәселесін шешуді тапсырды.

Қазақстан жасанды интеллектінің көмегімен әлемдік деңгейдегі азық-түлік өндіруші елге айналуы мүмкін – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ауыл шаруашылығына жасанды интеллект технологияларын енгізу саланың дамуына тың серпін беріп, еліміздің әлемдік деңгейдегі ірі азық-түлік өндіруші елге айналуына жол ашуы мүмкін.

Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу үшін аграрлық саладағы бағдарламаларды оңтайландыруды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Үкіметке аграрлық саладағы бағдарламаларды жан-жақты талдауды тапсырды.

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке салық жеңілдіктерін беру және проблемалық қарызы кешірілген азаматтарды жеке табыс салығынан босату жөніндегі өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 30-шы отырысында салық заңнамасына қатысты екі түзету мақұлданды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.