Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Канада сауда жөнінде келісе алмады, канадалық бірқатар тауарға 50% баж...

АҚШ пен Канада сауда жөнінде келісе алмады, канадалық бірқатар тауарға 50% баж салынады

|

|

Вашингтон. 22 тамыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ пен Канада жұма күнінің соңына дейін жаңа сауда шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Осыған байланысты сенбіден бастап Канаданың бірқатар тауарына, соның ішінде сыра мен ірімшікке АҚШ-тың 50 пайыздық баж салығы күшіне енеді, деп хабарлайды The Washington Post (WP).

АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Грир Канаданың Вашингтонмен бірлесіп әрекет ету мүмкіндігін пайдалана алмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсынылған келісім Оттава үшін АҚШ нарығына қол жеткізудің ең тиімді жолы болған.

Канада премьер-министрі Марк Карни болса, Вашингтон келіссөздердің соңғы сәтінде талаптарын өзгерткенін айтты. Ол АҚШ-тың бұл әрекетін әділетсіз әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз деп бағалап, мұндай жағдайда кез келген келісімнің сенімділігіне күмән туатынын мәлімдеді.

Карни АҚШ тарапынан қысым жасалса, Канада жауапсыз қалдырмайтынын ескертті.

«Канада өз жұмысшылары мен бизнесін қорғау үшін әр долларға дәл сондай көлемде жауап береді», – деді премьер-министр.

Оның айтуынша, Вашингтонмен келіссөз барысында белгілі бір ілгерілеу болғанымен, қол жеткізілген нәтиже Оттава көздеген мақсаттарға сай келмейді.

АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі журналистерге тараптар әзірге келіссөздің келесі кезеңін жоспарламағанын айтты. Егер Канада қарымта шара қабылдаса, АҚШ президенті Дональд Трампқа Вашингтонның бұдан кейінгі ықтимал әрекеттері ұсынылады.

WP мәліметінше, жаңа баж екі ел арасындағы жалпы көлемі 382 млрд доллар болатын сауданың шамамен 5%-ына ғана қатысты. Соған қарамастан, бұл шара Солтүстік Америкадағы ортақ сауда кеңістігінің сақталуына кері әсер етуі мүмкін.

Басылым 2025 жылдан бастап АҚШ әкімшілігі әлемнің бірқатар еліне баж салығын енгізе бастағаннан кейін Вашингтон мен Оттава арасындағы сауда қатынастары күрделене түскенін атап өтеді. Канада да АҚШ-тан әкелінетін кейбір тауарларға жауап ретінде баж енгізген.

Бұған дейін АҚШ енгізген баждар АҚШ, Канада және Мексика арасындағы USMCA сауда келісіміне кіретін тауарларға қолданылмайтын. Ал жаңа 50 пайыздық баж бойынша мұндай жеңілдік қарастырылмаған.

Қазір Вашингтон Мексикамен USMCA шарттарын өзгерту мәселесін талқылап жатыр. Канадамен мұндай келіссөздер әзірге жүргізіліп жатқан жоқ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелу тәртібі қатаңдатылуы мүмкін

Үкімет қолданыстағы заңға 16 жасқа толмаған азаматтардың онлайн-платформаларға тіркелу тәртібін реттейтін түзетулер әзірледі. Қазір бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының қарауында.

Татьяна Савельеваның Қорғаныс министрлігіне тағайындалуы: бұл шешімнің мәні неде?

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары болып Татьяна Савельева тағайындалды. Ол – тәжірибелі қаржыгер, ұзақ жыл бойы бюджет мәселелеріне жауапты қаржы вице-министрі қызметін атқарған, кейін Мәжілістің бюджет комитетін басқарған маман.

Венесуэла алтыны: өзгелерге сабақ болған оқиға

Венесуэланың резервіндегі 31 тонна алтынның Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі тек оның сақталатын құқықтық кеңістігін өзгертеді. Ал Каракас үшін жағдай сол күйінде қалды: ел өзіне тиесілі алтынға қол жеткізе алмай отыр. Венесуэла билігінің алтын қорын елге қайтару әрекеттерінің нәтижесіз аяқталуы басқа мемлекеттерге де маңызды сабақ болды – стратегиялық резервті өз аумағында сақтау анағұрлым қауіпсіз. Осыдан кейін Ұлыбритания қоймаларында алтын сақтайтын бірқатар ел бағалы металды өз аумағына қайтару ісін жандандыра түсті.

Қазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетудеҚазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуде

Азамат Аймұратовтың жетістігіне қуаныштымыз. Сонымен бірге 2026 жылы қазақстандық оқушылар түрлі зияткерлік бағыттарда жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін де атап өткен жөн. Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үш күміс және үш қола медаль иеленді.