Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Құрылтайға 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды ұсынбақ

Тоқаев Құрылтайға 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды ұсынбақ

|

|

Астана. 26 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына заң жүзінде тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірледі. Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарауды ұсынамын», – деді Тоқаев сәрсенбі күні педагогтердің республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында.

Мемлекет басшысының пікірінше, 2018 жылы қабылданған «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңды қазіргі жағдайға бейімдеп, елеулі өзгерістер енгізу қажет.

«Әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалардың дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді. Өскелең ұрпақтың психологиялық саулығы, эмоциялық тұрақтылығы мен адамгершілік тәрбиесі бүгінде ұлттық қауіпсіздік пен елдің орнықты дамуына тікелей ықпал ететін маңызды факторға айналды», – деді Тоқаев.

Президент мұндай шараларды бірқатар дамыған елдің қабылдап қойғанын атап өтті.

«Біздің де мәселенің салдарымен күресуден гөрі, балалардың психологиялық жағдайына төнетін қауіптің алдын алуға көшетін кезіміз келді деп ойлаймын. Әйтпесе, мұның қоғамдағы тұрақтылыққа кері әсері болуы мүмкін», – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, балаларды зиянды ақпараттан қорғау үшін Үкімет интернеттегі контентті сүзгіден өткізуге бағытталған шаралар қабылдауы қажет.

«Белгілі әрі объективті себептерге байланысты бұл мәселені тек ата-аналардың жауапкершілігіне қалдыруға болмайды. Сондықтан балаларды зиянды ақпараттан қорғауға мүмкіндік беретін арнайы SIM-карталарды міндетті түрде қолдану аясын кеңейтуді тапсырамын», – деді Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланған. Ұсынылған түзетулер онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттеуді және 16 жасқа толмаған азаматтардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Ресей Қауіпсіздік кеңесі Францияның ЕО мен НАТО елдерінің бірқатарын ядролық қорғанысқа алу жоспарына алаңдаушылық білдірді

Ресей Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Александр Венедиктовтің айтуынша, Еуропалық одақ әскери-саяси блокқа айналып барады. Ол Францияның ЕО мен НАТО-ға мүше бірқатар елді ядролық қаруымен қорғау жоспары Ресейді алаңдатып отырғанын мәлімдеді.

Пентагон Трамптың Флоридадағы резиденциясын дрондардан қорғау үшін лазерлік қондырғы орналастырды – БАҚ

АҚШ әскері президент Дональд Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының әуе қорғанысы жүйесіне ұшқышсыз аппараттарды атып түсіруге арналған LOCUST лазерлік қондырғысын қосты. Бұл туралы The War Zone басылымы хабарлады.

Құрылтай ветеринарлардың жалақысын көтеруді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құрылтай Азия даму банкінен 3,4 млрд юань қарыз алу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қабылдады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі (АДБ) арасындағы 3,4 млрд юань қарыз туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қарап, қабылдады. Бұл туралы агенттік тілшісі хабарлады.