Евразия24ЖаңалықтарИран мен Оман Ормуз бұғазында кемелер өтетін жаңа бағытты белгіледі

Иран мен Оман Ормуз бұғазында кемелер өтетін жаңа бағытты белгіледі

|

|

ДУБАЙ. 7 қыркүйек. ИНТЕРФАКС — Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуіне арналған жаңа бағытты өзара мақұлдады. Жаңа тәртіп таяу күндері жарияланады. Бұл жөнінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді.

«Оманмен ортақ келісімге келдік. Иранның бақылауындағы жаңа халықаралық теңіз жолы таяу күндері жарияланады», — деді Резаи Иранның мемлекеттік БАҚ-тарына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Тегеран Ормуз бұғазының сырт жағынан арнайы аймақ белгілеуді де жоспарлап отыр. Ол жерге Иранның рұқсатынсыз кірген кемелерге шектеу қолданылады.

Резаи мұндай кемелердің санкциялық тізімге енгізілетінін ескертті.

Жаңа аймақ АҚШ Әскери-теңіз күштері бақылауға алған аумақтан басталып, Парсы шығанағының бір бөлігі мен жүк тиеу порттарына дейін созылмақ.

Резаи Ормуз бұғазы қазір толық жабық әрі Иран Қарулы күштерінің бақылауында екенін мәлімдеді. АҚШ президентінің бұған қатысты айтқандарын ол шындыққа жанаспайды деп бағалады.

«Америкалықтар бес-алты кемені жасырын өткізуге әрекет жасап жүр. Мұның шығыны да көп. Оның үстіне мұндай кемелер жиі шабуылға ұшырайды», — деді Резаи.

Оның айтуынша, Иран америкалық кемелерді суға батырмауды жөн көрген. Себебі олардың бірқатары мұнай тасымалдайды. Мұндай кемелердің суға кетуі Парсы шығанағының экологиясына елеулі зиян келтіруі мүмкін.

Резаи Вашингтон қысым мен күш көрсету саясатынан бас тартып, Иранның сеніміне ие болмайынша, Тегеран Ормуз бұғазын ашуға уәде бермейтінін айтты.

«Келіссөзді жалғастыру үшін АҚШ алдымен Иранның сеніміне ие болуы керек», — деді ол.

Оның сөзінше, АҚШ тарапынан қауіп төнбеген жағдайда Иран да Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына бөгет жасамайды.

Резаи АҚШ санкцияларынан кейін Иранда тауар тапшылығы басталды деген ақпаратты да жоққа шығарды. Ол мұнай саудасы тоқтамағанын, одан түскен қаражат елге түсіп жатқанын және негізгі тауарлар қоры жеткілікті екенін айтты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.