Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-тағы инфляция деректері қарсаңында доллар бағамы қымбаттады

АҚШ-тағы инфляция деректері қарсаңында доллар бағамы қымбаттады

|

|

МӘСКЕУ. 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Жұма күнгі саудада АҚШ доллары еуроға шаққанда нығайып, фунт стерлингке қатысты айтарлықтай өзгерген жоқ. Ал иенаға шаққанда арзандады.

Доллардың алты негізгі валютаға – еуро, швейцар франкі, иена, Канада доллары, фунт стерлинг және швед кронасына қатысты бағамын көрсететін ICE DXY индексі 0,11%-ға өсті. Ал WSJ Dollar Index 0,01%-ға төмендеді.

Нарық қатысушылары АҚШ-тағы тамыз айының инфляция деректерін күтіп отыр. Бұл көрсеткіштер Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) 15–16 қыркүйектегі отырысында пайыздық мөлшерлемеге қатысты қабылдайтын шешіміне ықпал етуі мүмкін.

Trading Economics келтірген сарапшылар болжамына сәйкес, тамызда АҚШ-тағы жылдық инфляция шілдедегі 3,4% деңгейінде сақталуы мүмкін. Тұтыну бағалары туралы есеп Мәскеу уақытымен 15:30-да жарияланады.

Бір күн бұрын АҚШ Еңбек министрлігі өндірушілер бағасының тамыздағы көрсеткіштерін жариялады. Жылдық есеппен баға 5,4%-ға өсті. Шілдеде өсім 4,8% болған. Бір айда өндірушілер бағасы 0,4%-ға қымбаттады, ал шілдеде 0,1%-ға өскен еді. Сарапшылар жылдық өсімді 5,3%, айлық өсімді 0,4% деңгейінде күткен.

CME FedWatch дерегіне сүйенсек, нарық ФРЖ-ның қыркүйекте негізгі мөлшерлемені көтеру ықтималдығын қазір 70%-ға жуық деп бағалап отыр.

Мәскеу уақытымен 15:15-те еуро $1,1594 деңгейінде саудаланды. Ал бейсенбідегі сауда қорытындысында оның бағамы $1,1612 болған.

Еуропа орталық банкі (ЕОБ) бір күн бұрын негізгі пайыздық мөлшерлемелерді 25 базистік тармаққа көтерді. Соның нәтижесінде депозиттік мөлшерлеме жылдық 2,5%-ға жетті. ЕОБ президенті Кристин Лагард ақша-кредит саясатын қатаңдату туралы шешім банк қарастырған экономикалық сценарийлердің қай-қайсысында да негізді болғанын айтты.

Енді нарық қатысушылары 2027 жылғы сәуірге дейін еуроаймақта пайыздық мөлшерлемелер жиынтық есеппен тағы 60 базистік тармаққа көтеріледі деп болжап отыр. ЕОБ отырысының қорытындысы жарияланғанға дейін бұл көрсеткіш 51 базистік тармақ деп бағаланған еді.

Фунт стерлинг $1,3509 деңгейінде саудаланды. Бейсенбі күнгі сауда қорытындысында оның бағамы $1,3510 болған.

Доллар 154,01 иенаға дейін арзандады. Бір күн бұрын оның бағамы 154,43 иена еді.

Офшорлық юаньға шаққандағы доллар бағамы да төмендеп, 6,7145 юаньнан 6,7093 юаньға түсті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.