МӘСКЕУ. 11 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Жұма күнгі сауда қорытындысында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі негізгі қор индекстері төмендеді.
Нарыққа мұнайдың қымбаттауы мен әлемдік мемлекеттік облигациялар кірістілігінің өсуі қысым түсірді.
Жұма күні Brent маркалы мұнай бағасы төмендегенімен, баррелі үшін 100 доллардан жоғары деңгейде үшінші күн қатарынан сақталып отыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыс жақын арада реттеледі деген үміттің азаюы себеп болды. Ормуз бұғазы маңында мұнай тасымалдайтын танкерлерге жаңа шабуылдар жасалғаны, сондай-ақ Йемендегі хуситтердің Сауд Арабиясындағы нысандарға соққыларын күшейткені хабарланды. Бұған қоса, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы әскери текетірес Конгрестегі қараша сайлауына дейін аяқталады деп күтпейтінін мәлімдеді.
АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бейсенбіде соңғы үш жылға жуық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті. 30 жылдық облигациялар кірістілігі 19 жылдан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткішке көтерілді. Жапонияның 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі жұма күні 3%-ға жуықтап, соңғы 30 жылдағы ең жоғары деңгейге жақындады.
Қытайдың Shanghai Composite индексі 1,18%-ға, Гонконгтың Hang Seng индексі 0,6%-ға төмендеді.
Гонконг биржасында CMOC Group акциялары 7,7%-ға арзандап, ең көп төмендеген компания болды. Sun Hung Kai Properties акциялары 7,3%-ға, Zijin Mining – 6,8%-ға, Longfor Group – 5,4%-ға, Aluminum Corp. of China мен ENN Energy – 4,7%-ға, Laopu Gold – 4,6%-ға арзандады.
Ал Orient Overseas акциялары 2,3%-ға, Galaxy Entertainment – 2,2%-ға, Shenzhou International – 2%-ға, Xiaomi – 1,7%-ға, Haidilao International – 1,5%-ға, China Mengniu Dairy – 1,4%-ға, Bank of China – 1,3%-ға қымбаттады.
Жапонияның Nikkei 225 индексі 1,93%-ға төмендеді.
Ең үлкен шығын Resonac химия компаниясына тиесілі болды. Оның акциялары 10,7%-ға арзандады. Kioxia мен Toppan компанияларының нарықтық құны 7%-ға, Sumitomo Metal Mining – 6,9%-ға, Advantest – 6,5%-ға, Screen Holdings – 6%-ға, Mitsui Kinzoku – 5,9%-ға, Ibiden – 5,4%-ға, Lasertec – 4,8%-ға төмендеді.
Бұл ретте LY Corp. акциялары 3,4%-ға, Kawasaki Kisen Kaisha – 2,9%-ға, Dai-ichi Life – 2,7%-ға, MS&AD Insurance – 2,6%-ға өсті. Olympus, Kyocera және Bandai Namco акцияларының әрқайсысы 2,4%-ға, Daiichi Sankyo мен Subaru 2,3%-ға қымбаттады.
Жұма күні жарияланған мәлімет бойынша, Жапонияда өндірушілер бағасы тамызда шілдемен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеп, бір жыл ішінде 7,6%-ға өсті. Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылар айлық көрсеткіш өзгермейді, ал жылдық өсім 7,4% болады деп болжаған.
Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 1,76%-ға төмендеді.
Korea Zinc акциялары 3,7%-ға, Samsung Electronics – 3,5%-ға, SK Hynix – 2,2%-ға, Korean Air Lines – 2%-ға, Hyundai Motor – 1,7%-ға, Posco – 1,5%-ға, LG Energy Solution – 1,4%-ға арзандады.
Австралияның S&P/ASX 200 индексі 0,89%-ға төмендеді.
Әлемдегі ең ірі тау-кен компаниясы BHP акциялары 4,1%-ға, оның бәсекелесі Rio Tinto акциялары 3,5%-ға арзандады.
Deep Yellow акциялары 9,9%-ға, Paladin Energy – 9,6%-ға, GQG Partners – 9,5%-ға, Liontown – 8,6%-ға, PLS Group – 7,4%-ға, Telix Pharmaceuticals – 6,5%-ға, HMC Capital – 5,8%-ға, Boss Energy – 5,5%-ға төмендеді.
Ал Corporate Travel Management акциялары 12,7%-ға қымбаттап, өсім жағынан көш бастады. Metrics Master Income Trust акциялары 4,3%-ға, Insurance Australia – 4,2%-ға, Suncorp Group – 3,7%-ға, AUB Group – 3,3%-ға, Ingenia Communities – 3,1%-ға, Challenger мен QBE Insurance акциялары 2,9%-ға өсті.




