Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаев Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

|

|

АСТАНА. 15 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Hanwha Group төрағасының орынбасары Ким Дон Вонмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Қазақстанның Корея Республикасымен стратегиялық серіктестікке ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Hanwha Group-тың стратегиялық маңызы бар бірқатар салада халықаралық нарықта орныққан Оңтүстік Кореяның жетекші бизнес топтарының бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектінің ұлттық экожүйесін қалыптастыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мемлекет басшысы Hanwha Group компаниясына Қазақстанның мүмкіндігін пайдалана отырып, Орталық Азия нарығына шығуға жол ашатын бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

Ким Дон Вон өз кезегінде Қазақстандағы цифрландыру үдерісіне атсалысуға және түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Hanwha Group Қазақстанмен ынтымақтастықты сонау 1997 жылы бастаған алғашқы кореялық корпорациялардың бірі.

Hanwha Group – Оңтүстік Кореядағы ең ірі өнеркәсіптік топтардың бірі. Компания аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі, энергетика, кеме жасау, қаржы және технология салаларында жұмыс істейді. Топ құрамындағы кәсіпорындар авиациялық қозғалтқыштар, жерсеріктер мен ғарыш жүйелерін, артиллериялық және басқа да қорғаныс жүйелерін шығарады. Сондай-ақ күн, жел және сутегі энергетикасын дамытумен айналысады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.