Евразия24ЖаңалықтарШвейцарияда елдің бейтараптығына қатысты референдум өтеді

Швейцарияда елдің бейтараптығына қатысты референдум өтеді

|

|

Париж. 27 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Швейцарияда жексенбі күні елдің халықаралық аренадағы бейтараптық қағидатын қатаңдату мәселесі бойынша референдум өтеді.

Дауыс беруге «Швейцарияның бейтараптығын сақтайық» бастамасы ұсынылды.

Politico мәліметінше, қыркүйекте жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 68%-ы бейтараптық қағидатын қатаңдатуды қолдамайды. Ал 31%-ы елдің бейтараптық ұстанымын күшейтуді жақтайды.

Егер бейтараптықты күшейтуді қолдаушылар басым дауыс жинаса, Швейцария, мәселен, Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды өз бетінше енгізе алмайды. Мұндай шаралар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Бейтараптық талаптарының күшеюі Швейцарияның НАТО секілді әскери одақтармен ынтымақтастығына да тыйым салуды көздейді.

Қазіргі кезде Швейцария қарулы қақтығыстарға қатыса алмайды және соғыс жүріп жатқан аймақтарға қару-жарақ жеткізуге құқылы емес. Алайда ел Үкіметі экономикалық санкциялар енгізіп, әскери одақтармен ынтымақтаса алады. Мәселен, 1996 жылы Швейцария НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына қосылды. Ал 2022 жылы Еуропалық одақтан кейін Ресейге қарсы санкциялар енгізе бастады.

Бейтараптық талаптарын қатаңдату бастамасын Швейцария халық партиясы көтерді. Оны қолдаушылар Ресейге қарсы санкциялар Берннің бейтарап ел ретіндегі беделіне нұқсан келтірді деп есептейді.

Елдегі басқа ірі партиялар мен Үкімет бұл бастамаға қарсы. Олардың пікірінше, бейтараптық қағидатын икемді ұстану Швейцарияның мүддесіне сай келеді. Атап айтқанда, Жасыл либералдық партия қатаң бейтараптық елдің оқшаулануына әкелуі мүмкін және мұны «қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолы» деп санауға болмайтынын алға тартады.

Швейцарияның бейтараптық саясатының тарихы 1515 жылдан басталады. Сол жылы ел Мариньяно шайқасында Франциядан ауыр жеңіліске ұшырап, Миланға қатысты аумақтық талабынан бас тартты. 1815 жылы Париж бейбіт келісімі Швейцарияның бейтарап мәртебесін бекітсе, 1848 жылы бұл қағидат ел Конституциясында көрініс тапты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Си Цзиньпин Түрікменстанмен мемлекетаралық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін мәлімдеді

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін білдірді.

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін басты міндет болуы тиіс – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Трамп қарашадағы сайлаудан кейін Иранға соққы беруді қайта бастауды жоспарлап отыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдауға ниетті емес және қарашадағы аралық сайлаудан кейін Иранға соққы беруді қайта бастауды көздеп отыр.

Әзербайжан нақты нәтиже беруге қабілетті, тиімді БҰҰ құруды қолдайды – СІМ басшысы

Әзербайжан бейбітшілік пен қауіпсіздік, даму, климаттық тұрақтылық және гуманитарлық қызмет салаларында мүше мемлекеттер үшін нақты нәтиже беруге қабілетті, тиімділігі жоғары Біріккен Ұлттар Ұйымын қолдайды