Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚұрылтай бизнесті несиелеу мәселесіне назар аударды

Құрылтай бизнесті несиелеу мәселесіне назар аударды

|

|

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мәлімдеді: «1 тамыздағы жағдай бойынша банктердің жоғары өтімді активтері 23,2 трлн теңгені құрады. Бұл – банк жүйесіндегі барлық активтің үштен біріне жуығы. Сонымен қатар Ұлттық банк нарықтағы 7 трлн теңгеге дейінгі бос өтімділікті айналымнан алып отыр. Бұған қоса, мемлекеттің өзі де ішкі нарықтан белсенді түрде қарыз тартып келеді. Тек шілде айында Қаржы министрлігі кірістілігі 18,93%-ға дейін жететін мемлекеттік облигациялар арқылы 750 млрд теңге тартты. Мұндай жағдайда банктер үшін таңдау түсінікті: қаражатты кірістілігі жоғары әрі тәуекелі төмен мемлекеттік қаржы құралдарына салу бизнесті ұзақ мерзімге несиелеу тәуекелін мойнына алғаннан әлдеқайда тиімді. Ал теңгемен берілетін бизнес несиелерінің орташа мөлшерлемесі 21,5%-ды құрайды. Соған қарамастан мемлекет мұндай несиелерді пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және даму институттары арқылы қосымша қолдап отыр. Нәтижесінде банк жүйесінде қаражат бар, мемлекет сол қаражатты жоғары кірістілікпен өзі қарызға алады, ал бизнес үшін несие әлі де қымбат. Кейін оны қолжетімді ету үшін мемлекет тағы да өз қаражатын жұмсауға мәжбүр. Әрине, мұндай жағдайдың қалыптасуына базалық мөлшерлеме, банк секторын реттеу талаптары, ақша құны, несиелік тәуекелдер және жобалардың сапасы секілді бірқатар фактор әсер етеді. Алайда мемлекеттік қаржы тұрғысынан басты мәселе мынада: қазіргі жүйе мемлекетке қосарланған қаржылық салмақ түсіріп отырған жоқ па? Бір жағынан – мемлекеттік қарыздарға қызмет көрсету шығындары, екінші жағынан – экономиканың нақты секторын несиелеуді қолдауға жұмсалатын қосымша қаражат».

 

Еуразия24 пікірі:

Иә, Татьяна Михайловна, мұндай сауалдың туындауына негіз бар. Дегенмен банктер бизнесті мүлде несиелемейді деп кесіп айтуға болмайды. 2026 жылғы шілдеде банктер бизнеске 2,1 трлн теңге көлемінде жаңа несие берді . Оның ішінде ірі бизнесті несиелеу көлемі 40,8%-ға артқан.

Дегенмен қазіргі жағдайда банктер қаражатты табысы жоғары, тәуекелі төмен бағыттарға салуды жөн көреді. Банктер қаражатты негізінен кірістілік, тәуекел, мерзім және реттеушілік талаптар тұрғысынан өзіне барынша тиімді бағыттарға орналастырады.

Сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздардың шартты түрде 18,9% кірістілігі мен бизнеске берілетін несиенің 21,5% мөлшерлемесін тікелей салыстыруға болмайды. Өйткені 21,5% – банктің таза пайдасы емес. Одан қаражат тарту құны, операциялық шығындар, резервтер мен несиелік тәуекелге байланысты шығындар шегеріледі.

Сондықтан мәселені бұдан да кеңірек қойған жөн: неліктен банк жүйесі қаражатын өзі үшін ең тиімді әрі тәуекелі аз бағыттарға салуға ұмтылады да, мемлекет осы кезде бизнесті несиелеуді жандандыру үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, кепілдік беруге және даму институттары арқылы қосымша қолдау көрсетуге мәжбүр?

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады – Қазақстан Премьер-министрі

Қазақстан Премьер-министрі, «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Бектенов қордың жаңа басшысы жақын арада тағайындалатынын хабарлады.

Еуропалық комиссия ЕО-ның санкциялар жөніндегі басқармасын құрып, олардың орындалуына жауапты жаңа арнайы өкілді тағайындады

Еуропалық комиссия (ЕК) сәрсенбі күні Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі басқармасы (EU Sanctions Office) құрылғанын және швед дипломаты Ларс Даниэльссонның ЕО санкцияларын іске асыру жөніндегі халықаралық арнайы өкіл болып тағайындалғанын хабарлады.

Сомали президенті БАӘ-ні ел аумағында рұқсатсыз әскери базалар салып, билікке қарсы күштерді қолдады деп айыптады

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) елдің ішкі істеріне араласып, орталық биліктің рұқсатынсыз әскери нысандар орналастырды деп айыптады.

Ресеймен жан-жақты стратегиялық әріптестік

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады, деп хабарлады сәрсенбі күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.