Евразия24ЖаңалықтарТрамп Киев Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққыны тоқтату туралы өтінішін елемегеннен кейін...

Трамп Киев Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққыны тоқтату туралы өтінішін елемегеннен кейін Мәскеумен дизель отынын жеткізу жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді

|

|

Вашингтон. 10 қазан. ИНТЕРФАКС – АҚШ Президенті Дональд Трамп Украина Президенті Владимир Зеленский Вашингтонның Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуылды тоқтату жөніндегі бірнеше мәрте жасаған өтінішіне құлақ аспағаннан кейін Ресеймен дизель отынын жеткізу туралы келісім жасасуға шешім қабылдады. Бұл туралы жағдайдан тікелей хабардар америкалық шенеунік Axios басылымына мәлімдеді.

Axios дереккөзінің айтуынша, «Трамп Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалатын шабуылдарды біржақты тоқтатуды талап еткен. Өйткені мұндай соққылар АҚШ-та бензин бағасының өсуіне әсер етіп отыр».

«Украина АҚШ-тың Ресей мұнай өңдеу зауыттарына соққыны тоқтату туралы бірнеше мәрте жасаған өтінішін елемегеннен кейін Трамп бұл келісімді жүзеге асыруға кірісуге шешім қабылдады», – деп хабарлады басылым.

Axios дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің бір күн бұрын Украина тарапымен өткізген келіссөзінде Киев Трамптың өтінішіне құлақ аспаса, Вашингтон барлау деректерін беруді тоқтатуы мүмкін екені де айтылған.

Трамп бір күн бұрын Ресей Президенті Владимир Путинмен нәтижелі әңгіме өткізгенін мәлімдеді. Келіссөз барысында Ресейден АҚШ пен халықаралық нарықтарға дизель отынын жеткізу мәселесі талқыланған.

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Трамптың тапсырмасымен Ресей дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізуге уақытша рұқсат беретін бас лицензия шығарды.

OFAC құжаты Ресейде өндірілген дизель отынын сатуға, жеткізуге, түсіруге және импорттауға, соның ішінде АҚШ-қа әкелуге байланысты операцияларды 2027 жылғы 7 сәуірге дейін уақытша жүргізуге мүмкіндік береді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Пентагон стратегиялық бомбалаушы ұшақтарды алыс қашықтыққа ұшатын кемеге қарсы зымырандармен жабдықтамақ

АҚШ Әскери-теңіз күштері ядролық қару алып жүре алатын B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының қару-жарақ жүйесіне жаңа AGM-158C (LRASM) алыс қашықтықтағы кемеге қарсы зымырандарын енгізу үшін Lockheed Martin компаниясымен келісімшарт жасасуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомство мәліметінде айтылған.АҚШ Әскери-теңіз күштері ядролық қару алып жүре алатын B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының қару-жарақ жүйесіне жаңа AGM-158C (LRASM) алыс қашықтықтағы кемеге қарсы зымырандарын енгізу үшін Lockheed Martin компаниясымен келісімшарт жасасуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомство мәліметінде айтылған.

Иран АҚШ соққыларына қарамастан зымырандар мен дрондар шығаратын зауыттарын сақтап қалды

АҚШ пен Израильдің әуе соққыларына қарамастан, Иран баллистикалық зымырандар мен соққы беруші дрондар шығаратын зауыттарын сақтап қалды. Соның арқасында ел қару-жарақ қорын толықтыра алады. Бұл туралы жағдайдан хабардар ресми тұлғаларға сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады.

Британ полициясы Корольдік әуе күштерінің базасында ұсталған екі Латвия азаматын кепілмен босатты

Ұлыбританияның Корольдік әуе күштерінің Моулсворт базасына заңсыз кіргені үшін ұсталған екі Латвия азаматы кепілмен босатылды. Бұл туралы британ полициясының терроризмге қарсы күрес басқармасы хабарлады.

«Келешектің» болашағы қандай?

Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.