Брюссель. 12 қазан. ИНТЕРФАКС – Еуропалық одақ Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне қатысы бар деп есептейтін 826 ұйым мен 743 адамға санкция енгізді. Бұл туралы дүйсенбі күні ЕО-ның ресми журналында жарияланған шешімде айтылған.
Сонымен қатар Еуроодақ биыл қыркүйекте Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасына өткен сайлауға байланысты тағы 77 адамға шектеу шараларын қолдану туралы шешім қабылдады.
Санкция тізіміне, атап айтқанда, «Біріккен зымыран-ғарыш корпорациясы» акционерлік қоғамы, «Ресейдің зымыран-ғарыш аспаптарын жасау және ақпараттық жүйелер корпорациясы» акционерлік қоғамы, Ростов оптика-механика зауыты, «УПЗ» АҚ, Челябі машина жасау зауыты, Нева кеме жасау және жөндеу зауыты, «Кордиант» АҚ, Дубна кабель зауыты, Галич автокран зауыты және Бүкілресейлік радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институты енгізілген.
Тізімде бірнеше тігін фабрикасы, Амур кеме жасау зауыты, Омбы машина жасау конструкторлық бюросы, «ТФК Камаз» АҚ, Раменск аспап жасау зауыты, Мәскеу электр шамдары зауыты, «Мәскеу электрондық техника институты» ұлттық зерттеу университеті және Бүкілресейлік радиоэлектроника ғылыми-зерттеу институты да бар.
Бұдан бөлек, Челябідегі «Молния» сағат зауыты, Миасс машина жасау зауыты, «136 ЦБПР» АҚ, «356 АРЗ» АҚ, «Адмиралтейские верфи» АҚ, «Рыбинская Верфь» ЖШҚ, «БПО Прогресс» АҚ, «НИИ ТМ» АҚ, «Мотовилихинские заводы» кәсіпорны және Мытищи машина жасау зауыты да санкцияға іліккен.
Сондай-ақ Қазандағы дәл машина жасау зауыты, Қазан электротехника зауыты, КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Брянск химия зауыты және «3821 әскери-техникалық мүлікті жөндеу зауыты» АҚ шектеу шаралары қолданылатын кәсіпорындар қатарына қосылды.
Бұған қоса, санкция тізімі «Промтех-Дубна» АҚ, №81 броньды техниканы жөндеу зауыты, «33 кеме жөндеу зауыты» АҚ және Қара теңіз флотының №13 кеме жөндеу зауытымен толықты.




