Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарМектеп оқушыларына амандасу әдебі үйретілмек

Мектеп оқушыларына амандасу әдебі үйретілмек

|

|

Atameken Business мәліметінше, мектеп оқушыларына сәлемдесу әдебін үйретуге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр. Оқу құралын дайындау барысында ғалымдардың, сарапшылардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен білім беру саласы мамандарының пікірлері ескерілмек. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің оқушылар арасындағы сәлемдесу мәдениетіне қатысты депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. Бұған дейін Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр сәлемдесуді оқушылардың күнделікті дағдысына айналдыруды ұсынған болатын. Оның пікірінше, балалар бір-бірімен амандасу арқылы өзара сыйластыққа үйренуі керек. Депутат бұл ұсынысын Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға жолдаған сауалында көтерген.

 

Еуразия24 пікірі:

Қазақстандық балалардың күнделікті әңгімесінде былапыт сөздердің жиі айтылатынын ескерсек, оларды әдепті сөйлеуге үйрететін уақыт шынымен жеткен шығар.

Күнделікті қарым-қатынас әдебі – ересектер ойлап тапқан құрғақ ережелер жиынтығы ғана емес. Ол қоғамдағы адамдардың бір-бірімен сыйластықта өмір сүруіне, жағымды психологиялық ахуалдың қалыптасуына негіз болады.

Адамдар арасындағы кез келген әңгіме, мейлі күнделікті тұрмыста болсын, мейлі қызмет барысында болсын, ең алдымен амандасудан басталады. Осы қарапайым әдет күнделікті өмірден жоғалса, адамдардың бір-біріне деген құрметі де әлсірейді. Содан кейін жасөспірімдер арасындағы агрессияның күшеюіне, адамдардың бір-бірінен алшақтауына, мектептерде буллингтің көбеюіне таңғаламыз.

Мектеп оқушыларына сәлемдесу әдебін үйрету туралы жаңалықты көптеген қазақстандық мысқылмен қабылдады. Олардың пікірінше, Оқу-ағарту министрлігінің балаларға амандасуды үйретуден басқа шаруасы қалмағандай. Алайда бұл мәселеде Шығыс Азия елдерінің тәжірибесіне көңіл бөлген жөн. Мәселен, Жапонияда сәлемдесу мәдениеті бала тәрбиесінің ажырамас бөлігі саналады. Балаларға кішкентайынан үлкенге құрмет көрсетіп, айналасындағы адамдармен ізетті қарым-қатынас жасау үйретіледі. Ал Қазақстанда балалар көшеде бейтаныс адамдармен амандаса бермейді. Кейде тіпті өздері танитын адамдарға да сәлем бермей өтетін жағдайлар кездеседі. Біздіңше, қарапайым ғана «Сәлеметсіз бе?» деген сөз адамның тәрбиесі мен өзгеге деген құрметін танытады. Балалар амандасуды үйренсе, бәлкім, бір-біріне деген ықыласы да арта түсер.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕҚДБ мен ЕТДҚ болжамдары: Қазақстан экономикасы өсе ме, әлде құлдырай ма?

Еуропалық қайта құру және даму банкі  мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының  сарапшылары геосаяси тұрақсыздықты, Таяу Шығыстағы қақтығыс пен жүк тасымалындағы іркілістерді ескере отырып, өңір елдерінің, соның ішінде Қазақстанның экономикалық даму қарқынын салыстырды. Екі ұйым да Қазақстанның мұнайдан өзге салаларының даму мүмкіндігін жоғары бағалайды. Алайда олардың ұзақ мерзімді экономикалық болжамдары бірқатар маңызды көрсеткіш бойынша алшақ түседі.

Алматыда адам өлімі мен пәтерді заңсыз иемденуге қатысты іс бойынша төрт күдікті ұсталды

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған жазба тарады. Онда белгісіз адамдардың басына қап кигізілген адамды сыртқа көтеріп алып шыққаны көрінеді. Енді бұл оқиғаның адам өлтіру қылмысына қатысы бар екені белгілі болды.

Қазақстан мен Бельгия көлік, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек

Қазақстан мен Бельгия көлік және логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі күні барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.