Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан электр энергиясын жинақтау жүйелерін салуға аукциондар өткізуді жоспарлауда

Қазақстан электр энергиясын жинақтау жүйелерін салуға аукциондар өткізуді жоспарлауда

|

|

Астана. 11 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Құрылтай сәрсенбі күнгі отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлағандай, заң жобасы Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленген және баламалы энергетиканы дамытудың құқықтық негізін қалыптастыруға, энергетика жүйесінің сенімділігін арттыруға әрі инвестициялар тартуға бағытталған.
«Жинақтау жүйелерінің жобаларын іріктеу бойынша бәсекелестік аукциондарын өткізу және 15 жылға дейінгі мерзімге жасалған шарттар бойынша олардың қуаттылығының қолжетімділігін қолдау қызметтеріне бірыңғай сатып алушы арқылы ақы төлеу ұсынылады. Бұл инвесторлар үшін жобаларды іске асырудың болжамды шарттарын қамтамасыз етеді», — деді Ақкенженов заң жобасын таныстыру барысында.
Оның айтуынша, Қазақстанның энергожүйесінің маневрлік қуатқа деген қажеттілігі шамамен 3 ГВт деп бағаланып отыр. Оның 2 ГВт-қа жуығын жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобалары есебінен қамтамасыз ету жоспарланса, қалған 1 ГВт үшін инвестиция тартудың қосымша тетіктерін құру көзделуде.
Заң жобасында жинақтау жүйелері үшін бағалық арбитраж мүмкіндігі де қарастырылған.
«Жинақтау жүйелері электр энергиясын тұтыну төмен болған кезде сатып алып, сұраныс жоғарылағанда сатады. Түсетін табыс нарықтық бағаға байланысты болады, бұл ретте мемлекет кіріске де, шығындарды өтеуге де кепілдік бермейді», — деп атап өтті министр.
Ол бүгінгі таңда ЖЭК объектілері электр энергиясын тұтынушыларға тікелей сатуға құқылы екенін хабарлады. Дегенмен, сатып алушы банкротқа ұшырап, шарт тоқтатылған жағдайда, инвестор үшін де, оның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындау үшін де тәуекелдер туындайды.
Осыған байланысты, екіжақты шарт бойынша электр энергиясын кемінде 36 ай бойы жеткізген объектілер үшін оны бірыңғай сатып алушыға сатуға көшу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Бұл ретте баға соңғы үш жылдағы ең төменгі аукциондық бағаны есепке ала отырып белгіленеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылады

Қазақстан Құрылтайы сәрсенбі күнгі отырысында «Жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау шарты туралы конвенцияны (ЖХАТШ/CMR) ратификациялау туралы» заңды қарап, екі оқылымда қабылдады.

Үкімет шағын және орта бизнеске салық мөлшерлемесін өзгертуден бас тартты

«Ақ жол» фракциясы вице-премьер Серік Жұманғаринге оңайлатылған декларация бойынша салық мөлшерлемесінің өңірге қарай әртүрлі белгіленуі кәсіпкерлерге тең жағдай жасамайтынын мәлімдеді. Депутаттар мөлшерлемені белгілеуді өңірлік мәслихаттарға қалдырмай, бүкіл ел бойынша бірыңғай 2–3% деңгейінде бекітуді ұсынды. Алайда үкімет бұл ұсынысты тағы да қабылдамады. Жаңа Салық кодексі қабылданғалы көп уақыт өтпегенін айтып, оның нәтижесін әлі де бақылау қажет деп есептейді. Вице-премьер депутаттардың сынымен келіспей, кейбір өңірлерде кәсіпкерлер декларацияда көрсеткен табыстың өскенін дәлел ретінде ұсынды. Бірақ депутаттардың көтерген мәселесі мүлде басқа еді. Осыдан үкімет салық реформасын табысты деп көрсетуге жанама болса да негіз болатын көрсеткіштерді әдейі іріктеп отырған жоқ па деген күдік туады.

Климат өзгерісі және жұқпалы аурулар: Қазақстан БҰҰ алаңында бірлесіп әрекет етуге шақырды

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі айтқан климат өзгерісінің қауіптері ғылыми зерттеулермен негізделген. Мәселе күннің жылынуынан жұқпалы аурулардың таралуымен ғана шектелмейді. Ауру қоздыратын бактериялардың антибиотиктерге төзімді бола түсуі де қауіп төндіреді.

Жамбыл облысында мектептегі зорлық-зомбылық ісі сотқа жолданды

Жамбыл облысында үш оқушының өліміне ұласқан бопсалау мен зорлық-зомбылыққа қатысты істің тергеуі аяқталды. Арнайы прокурорлар Қордай ауданы Қаракемер ауылындағы мектеп оқушылары арасында әрекет еткен «Система» деп аталатын бейресми құрылымның қызметін тергеді.