Евразия24ЖаңалықтарАлматыда Темірбек Қожакеевтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

Алматыда Темірбек Қожакеевтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті

|

|

Бүгін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақ журналистикасының көрнекті қайраткері, белгілі журналист, ғалым, профессор Темірбек Қожакеевтің 100 жылдығына арналған «Қожакеев құбылысы» атты еске алу кеші өтті.

Іс-шараға профессордың көзін көрген үзеңгілес замандастары, шәкірттері мен Қожакеев әулетінің өкілдері және «Ботпай қоры» төрағасы Мәдет Қожакеев қатысты.

Кездесу барысында ғалымның өмір жолы, журналистика мен ғылым саласына қосқан үлесі, өнегелі ұстаздық қызметі туралы естеліктер айтылды.

Сондай-ақ кеш аясында Темірбек Қожакеевтің «Көк сеңгірлер» және «Үркіншілік» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Тағылымды шараның мақсаты – көрнекті тұлғаның мол мұрасын ұлықтау, есімін ұрпақ жадында жаңғырту және ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттау.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Мұнай бағасы төмендеуін жалғастырды: Brent барреліне 91,7 доллар шамасында саудаланып жатыр

Алдыңғы сауда сессиясында күрт арзандаған мұнай бағасы сейсенбі күні таңертең де біртіндеп төмендеп жатыр.

АҚШ қор нарығы аптаны құлдыраумен бастады, Nasdaq индексі 2%-дан астам төмендеді

Дүйсенбідегі сауда қорытындысы бойынша АҚШ-тың негізгі қор индекстері күрт төмендеді. Инвесторлар Nvidia Corp.

АҚШ Сенатындағы республикашылдар қорғанысқа шамамен 1,1 трлн доллар бөлу туралы заң жобасын ұсынды

АҚШ Сенатындағы республикашылдар дүйсенбі күні 2027 қаржы жылында қорғаныс саласына шамамен 1,1 трлн доллар бөлуді көздейтін заң жобасын жариялады.

Жапония әуе кеңістігін Ресей ұшағы бұзуы мүмкін деген күдікпен жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді – БАҚ

Сейсенбі күні таңертең Ресейдің әскери ұшағы Жапонияның әуе кеңістігін бұзуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты елдің Өзін-өзі қорғау күштерінің жойғыш ұшақтары әуеге көтерілді, деп хабарлады NHK телеарнасы.