Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарЖоғары аудиторлық палата еңбек нарығында 1 млрд теңгеге жуық заңбұзушылық анықтады

Жоғары аудиторлық палата еңбек нарығында 1 млрд теңгеге жуық заңбұзушылық анықтады

|

|

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы хабарлады: «Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы еңбек нарығын реттеу, оның ішінде еңбек көші-қоны мен халықты жұмыспен қамту саласында қабылданған шаралардың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитті аяқтады. Тексеру қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста қаралды. (…) Аудиторлар аталған кезеңде елдегі еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болғанын атап өтті. Атап айтқанда, 2023–2025 жылдары жұмыспен қамтылғандар саны 239 мың адамға жуық өсіп, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыздан 4,6 пайызға дейін төмендеген. (…) Сонымен бірге Жоғары аудиторлық палатаның тексеруі жұмыспен қамту сапасына қатысты мәселелерді, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті, еңбек нарығын мемлекеттік реттеу тетіктеріндегі кемшіліктерді және шешуді қажет ететін өзге де бірқатар проблеманы анықтады. Мәселен, стратегиялық құжаттардың кейбір ережелері мен осы салада жоспарланған іс-шаралар күтілетін нәтижелермен жеткілікті деңгейде байланыстырылмаған. Атап айтқанда, басым міндеттердің бірі – 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 миллионға жеткізу. Алайда бұл мақсатқа қол жеткізу тетіктері орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өзара үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмай отыр. Сондай-ақ Еңбек министрлігі бірлесіп орындаушы мекемелердің жоспарланған іс-шараларды қалай жүзеге асырып жатқанын толыққанды бақылауды қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан кейбір шаралар нақты нәтижесі расталмаса да, есептерде орындалған деп көрсетілген».

 

Еуразия24 пікірі:

Бүгін мемлекеттік аудиторлар анықтаған мәселелер жаңалық емес. Бұл – депутаттар мен тәуелсіз экономистердің бұған дейін айтқан пікірлерінің тағы бір дәлелі.

Мәселен, 2025 жылы ақпанда,Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев еңбек нарығындағы шынайы жағдайдың бұрмалануы мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігіне кері әсер ететінін мәлімдеген болатын.

Сол жылдың мамыр айында оның әріптесі Нартай Сәрсенғалиев нақты деректер келтірді. 2024 жылы «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысқан 33,3 мың адамның небәрі 7,4 мыңы ғана тұрақты жұмысқа орналасқан. Яғни мемлекет көптеген азаматты уақытша жұмыспен қамтуға қаржы бөлгенімен, олардың төрттен біріне де жетпейтін бөлігі ғана еңбек нарығында тұрақты жұмыс таба алған.

Ал 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада мемлекеттік субсидия есебінен 168 млн теңгеге 500-ден астам жалған жұмысқа орналастыру дерегі тіркелгені көрсетілген. Басқаша айтқанда, мемлекет жұмыс орындарын қағаз жүзінде ашқанымен, оған жұмсалған қаржы нақты бюджеттен бөлінген.

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, аудит барысында жалпы сомасы 471 млн теңгені құрайтын қаржылық заңбұзушылықтар және 519 млн теңгеге тиімсіз жоспарлау фактілері анықталған. Енді Еңбек министрлігі анықталған барлық заңбұзушылықты жоюға тиіс.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

2026 жылға арналған экономикалық өсім болжамы төмендетілді

Сарапшылар Қазақстан экономикасының 2026 жылғы өсіміне қатысты болжамын төмендетті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. «2026 жылға арналған мұнай бағасының болжамы қайта қаралып, бір баррельдің орташа жылдық бағасы 93,3 долларға дейін көтерілді.

Сербиядағы президент сайлауына қатысушылар тізімі 7 желтоқсанға дейін дайын болуы тиіс

Сербия заңнамасына сәйкес, президент сайлауына қатысушылар тізіміне ену үшін қажетті құжаттар дауыс беру күніне кемінде 20 күн қалғанда, яғни 7 желтоқсаннан кешіктірілмей Республикалық сайлау комиссиясына тапсырылуы тиіс. Бұл туралы бейсенбі күні Сербияның «Политика» газеті хабарлады.

Ресей ТЖМ Бахрейнмен мұнай-газ нысандарын қорғау тәжірибесін бөлісуге дайын – Куренков

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Бахрейнмен мұнай-газ нысандарын қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесімен алмасуға дайын. Бұл туралы ведомство басшысы Александр Куренков мәлімдеді.

Финляндия Ресей азаматтарының елге кіруіне қойылған шектеулерді 2028 жылдың соңына дейін ұзартты

Финляндия үкіметі бейсенбі күнгі отырысында шекара қауіпсіздігі туралы заңның қолданылу мерзімін тағы екі жылға, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Осы заң негізінде ел билігі 2023 жылы Ресеймен арадағы барлық құрлықтағы шекара бекеттерін жапқан болатын. Бұл туралы Финляндияның Ішкі істер министрлігі хабарлады.