Евразия24Басты бетЖүк транзиті – Еуразияның әлеуетін айқындайтын көрсеткіш

Жүк транзиті – Еуразияның әлеуетін айқындайтын көрсеткіш

|

|

 «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының амалсыз ауысуы Қазақстанның құрлықаралық транзиттік жобаларға қатысу мәселесіне қайта оралуға түрткі болды. Президент Тоқаев та жуырдағы Жолдауында осы мәселеге ерекше мән берген еді. Шын мәнінде, Үлкен Еуразия тұжырымдамасы аясында Қазақстанның өзге серіктестеріне ұсына алатын басты геосаяси мүмкіндігі транзит саласы болуы ықтимал. Өйткені энергия ресурстары, азық-түлік, тұтыну тауарлары мен жоғары технологиялар сияқты басқа игіліктер олардың өзінде де бар.

Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдайтын құрлық бағыттары әзірге Суэц каналымен бәсекелесе алмайды: тасымал ұзақ уақыт алады әрі қымбатқа түседі. Алайда Қызыл теңіз маңында тағы бір төтенше жағдай туындаса, бұл бағыттарға сұраныс артуы мүмкін. Сондықтан жүк тасымалдауға қажетті инфрақұрылымды алдын ала дайындап қою қажет.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында транзиттік инфрақұрылым құруға бағытталған негізгі құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған немесе аяқталуға жақын.

— Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі және Алматыны айналып өтетін теміржол. Бірінші жоба Қытайдан Қазақстанның ішкі өңірлеріне жүк өткізу мүмкіндігін арттырады. Ал екіншісі Алматыдағы ірі теміржол торабына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

— Бақты – Аягөз теміржол желісі. Бұл – келесі ірі инфрақұрылымдық жоба. Қараша айындағы мәлімет бойынша, теміржол төсеміне қажетті топырақ үйіндісін қалыптастыру жұмыстарының 93 пайызы орындалған. Желіні алдын ала жоспар бойынша 2027 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Қытаймен арадағы үшінші теміржол өткелі жылына қосымша 20 млн тоннаға дейін жүк өткізуге мүмкіндік беруге тиіс.

— Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілері. Бұл бағыттардағы құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Біріншісі елдің орталық өңірлерін батыс бағыттарымен байланыстыруды жақсартуға арналса, екіншісі Өзбекстанға шығатын оңтүстік бағыттағы жүктемені азайтуға тиіс. Бұл жобалардың маңызы – жүк ағынын ел ішіндегі түрлі бағыттарға бөліп, жүктемесі жоғары учаскелерде шоғырлануына жол бермеу.

— «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі. Ресей мен Орталық Азияны Иран арқылы Үнді мұхиты нарықтарымен байланыстыратын бұл дәліз транзит бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Түрікменстан арқылы өтетін шығыс тармағы салынып біткен, алайда оның өткізу мүмкіндігі әзірге толық пайдаланылып отырған жоқ.

Осылайша, Қазақстан 2026 жылды көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламамен аяқтағалы отыр. Алайда елдің Еуразиядағы маңызды логистикалық орталықтардың біріне айналуы ендігі жерде жаңа магистральдардың санына ғана емес, шекара бекеттері, порттар мен жүк тиеп-түсіру терминалдары арқылы тасымалдың үздіксіз жүруін қамтамасыз етуге де байланысты. Алдағы жылдары көлік саясатының басты міндеті де осы болмақ.

13 қарашада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Президент «Қазақстан темір жолы» АҚ жұмысын сынға алып, компания қызметінің тиімділігін арттыруды, кедендік және шекаралық рәсімдерді жетілдіруді, логистикалық орталықтарды кеңейтуді және саланы цифрландыруды талап етті. Бұл ендігі жерде негізгі күшті жаңа жолдар салу мен олардың өткізу мүмкіндігін арттыруға ғана емес, бүкіл көлік жүйесін тиімді басқаруға да жұмсау қажеттігін көрсетеді.

Үлкен Еуразия кеңістігіндегі көлік-транзит инфрақұрылымының маңызы тек коммерциялық мүддемен шектелмейді. Мәселен, АҚШ Парсы шығанағында теңіз блокадасын енгізгеннен кейін Иран бірінші кезекте қажетті тауарлардың едәуір бөлігін құрлық жолдары арқылы тасымалдауға көшірді.

Егер Қытай мен АҚШ арасындағы жағдай шиеленісіп, Қытайға теңіз арқылы блокада жасау қаупі туындаса, Бейжің де экспорт пен импорттың басым бөлігін Орталық Азия арқылы өтетін құрлық бағыттарына көшіруге мәжбүр болуы мүмкін. Мұндай жағдайда құрлық арқылы тасымалданатын жүк көлемі жылына ондаған миллион емес, жүздеген миллион тоннаға жетуі ықтимал.

Алайда географиялық орналасуы қолайлы болғанымен, Қазақстанның бұл жүк ағынынан міндетті түрде үлес алатынына кепілдік жоқ. Өйткені Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан бағыты және Каспий теңізі арқылы өтетін Ресей – Иран бағыты сияқты балама транзит дәліздері де бар. Сондықтан ҚТЖ-ның жаңа басшылығы мен Қазақстан Үкіметінің алдында әлі де атқарылар жұмыс аз емес.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жоғары аудиторлық палата еңбек нарығында 1 млрд теңгеге жуық заңбұзушылық анықтады

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы еңбек нарығын реттеу, оның ішінде еңбек көші-қоны мен халықты жұмыспен қамту саласында қабылданған шаралардың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитті аяқтады. Тексеру қорытындылары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста қаралды.

2026 жылға арналған экономикалық өсім болжамы төмендетілді

Сарапшылар Қазақстан экономикасының 2026 жылғы өсіміне қатысты болжамын төмендетті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. «2026 жылға арналған мұнай бағасының болжамы қайта қаралып, бір баррельдің орташа жылдық бағасы 93,3 долларға дейін көтерілді.

Сербиядағы президент сайлауына қатысушылар тізімі 7 желтоқсанға дейін дайын болуы тиіс

Сербия заңнамасына сәйкес, президент сайлауына қатысушылар тізіміне ену үшін қажетті құжаттар дауыс беру күніне кемінде 20 күн қалғанда, яғни 7 желтоқсаннан кешіктірілмей Республикалық сайлау комиссиясына тапсырылуы тиіс. Бұл туралы бейсенбі күні Сербияның «Политика» газеті хабарлады.

Ресей ТЖМ Бахрейнмен мұнай-газ нысандарын қорғау тәжірибесін бөлісуге дайын – Куренков

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Бахрейнмен мұнай-газ нысандарын қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесімен алмасуға дайын. Бұл туралы ведомство басшысы Александр Куренков мәлімдеді.