Евразия24ШетелдеШекаралар жабылып жатыр: Еуропа «Шенгеннің» болашағын қатерге тікті

Шекаралар жабылып жатыр: Еуропа «Шенгеннің» болашағын қатерге тікті

|

|

Deutsche Welle хабарлайды: Еуропа елдерінде Шенген аймағы шеңберінде ішкі шекараларды бақылау шаралары қайта енгізілуде. Бұл үрдісті сарапшылар «домино әсері» деп сипаттап отыр: бір ел бастаған шектеулерді өзгелері де іліп әкетуде.

Люксембург университетінің профессоры Бирте Ниенабер DW-ге берген сұхбатында бұл әрекеттерді «миграцияны тежеуге нақты әсері жоқ, тек саяси символизм» деп бағалады. Оның пікірінше, Еуроодақта оңшыл популистік партиялар күшейген тұста, центристік саясаткерлер сайлаушылардың белгілі бір бөлігінің қолдауын жоғалтпау үшін қатаң ұстаным көрсетіп, миграцияға қарсы нақты іс-әрекет жүргізіп жатқандай көрінуге тырысады. Ал шекаралық тексерулер – қоғамға бағытталған дәл сондай айқын қадам.

Еуропарламенттің мәліметінше, ішкі шекараларды қайтадан бақылауға алу көлік және логистика саласына жылына шамамен 320 миллион еуро шығын келтіреді.

Eurasia24 пікірі:

Люксембург университетінің профессоры Бирте Ниенабердің пікірінше, шекаралық бақылауды саяси құралға айналдыру Шенген кеңістігінің күйреуіне алып келуі мүмкін. Бұл ескерту негізсіз емес: Біріккен Ұлттар Ұйымының көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы (IOM) 2024 жылы жариялаған жаһандық баяндамасында әлем бойынша 281 миллион халықаралық мигрант тіркелгенін көрсетті. Бұл — жер шары халқының шамамен 3,6%-ы.

Аталған деректерге сәйкес, адамдардың басым бөлігі қақтығыстар, зорлық-зомбылық, табиғи апаттар және климаттың өзгеруі салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Баяндамада демократиялық елдерде, әсіресе Еуропада, миграция тақырыбының жиі саяси құрал ретінде қолданылып жүргені атап өтіледі. Кейбір елдерде өткен ұлттық сайлауларда миграцияға қарсы күрес пен өмір сүру құнының өсуі басты саяси тақырыптардың біріне айналған.

Осылайша, Еуропа тарихи, әрі күрделі таңдау алдында тұр: бір жағынан — шекараларды жауып, анти иммиграциялық саясат жүргізу арқылы миграциялық қысымды азайту, екінші жағынан — ашықтық пен интеграция қағидаттарын сақтай отырып, Шенген жүйесін сақтау. Бұл таңдаудың салдары тек аймақтық қана емес, жаһандық ауқымда да сезілуі мүмкін.

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.