Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Канададан жеткізілетін тауарларға 35% көлемінде кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

АҚШ Канададан жеткізілетін тауарларға 35% көлемінде кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

|

|

Вашингтон. 11 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамыздан бастап Канададан АҚШ-қа тасымалданатын өнімдерге 35% мөлшерінде кедендік баж салығы салынатынын мәлімдеді.

«1 тамыздан бастап Канададан АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға, жалпы салалық баж салықтарынан бөлек, 35% көлемінде кедендік алым алатын боламыз», – делінген Трамптың Канада премьер-министрі Марк Карниге жолдаған хатына, ол Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды.

АҚШ басшысы атап өткендей, егер канадалық компаниялар өндірістерін АҚШ аумағына көшірсе, бұл салықтар қолданылмайды.

«Егер сіздер қандай да бір себеппен жауап ретінде баж салығын көтеруді шешсеңіздер, біз сіздердің пайыздық мөлшерлемелеріңізді 35%-дық салыққа қосып, тиісінше жауап қайтарамыз», – деп ескертті Трамп.

Бұған дейін АҚШ биыл Канададан әкелінетін кейбір тауарларға 25% мөлшерінде тариф енгізген болатын. Бұл шара мұнай мен энергетикалық өнімдерге таралмайды – оларға 10% көлемінде баж салығы қолданылады. Наурыз айында Трамп бұл салықты уақытша кейінге шегеруге келіскен еді. Сонымен қатар, АҚШ тарапы Канада өнімдеріне қатысты болат, алюминий және автокөлік секторына қатысты жалпы тарифтерді қолдануға шешім қабылдаған.

АҚШ әкімшілігінің мәліметінше, мұндай шаралар Канада арқылы АҚШ-қа заңсыз тасымалданатын фентанилмен күрестің әлсіздігіне байланысты қабылданып отыр.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.