Евразия24ЖаңалықтарЛиванның мақсаты – Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру емес, бейбітшілікке қол жеткізу

Ливанның мақсаты – Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру емес, бейбітшілікке қол жеткізу

|

|

ДУБАЙ, 11 шілде. ИНТЕРФАКС. Ливан президенті Жозеф Аун Израильмен арадағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, бейбітшілік пен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру ұғымдарының ара-жігін ажырата білу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда Ливан билігінің басты мақсаты – қарулы қақтығысты тоқтатып, израильдік әскерлерді ел аумағынан шығару.

«Бейбітшілік – бұл соғыс жағдайының болмауы. Қазір Ливан үшін маңыздысы да – осы. Ал қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселесі Ливанның сыртқы саясатының күн тәртібінде тұрған жоқ», – деді президент Аунның сөзін «Аль-Арабия» телеарнасы келтіреді.

Ливандық жоғары лауазымды тұлғалардың мәліметінше, Бейрут 2002 жылғы Араб бейбіт бастамасына адал. Бұл құжат Израиль мен араб мемлекеттері арасындағы бейбіт келісімді Израильдің оккупацияланған аумақтардан толықтай шығуы шартымен қарастырады.

«Бізге қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселесін ешкім – не америкалықтар, не арабтар – ресми түрде қойған жоқ», – деп хабарлаған ливандық шенеуніктер телеарна тілшілеріне.

Өткен аптада Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар ресми мәлімдеме жасап, Ливанмен және Сириямен арадағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге Израиль мүдделі екенін жеткізді.

АҚШ тарапы Ливаннан «Хезболланы» толық қарусыздандыруды талап етіп отыр. Осы аптада Бейрут Вашингтонның талабына ресми жауап жолдады. Құжаттың мазмұны жария етілмегенімен, президент Аун елдегі қару-жарақты бақылау тек мемлекет құзырында болуы керектігін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол Израиль әскерінің Ливан аумағындағы бес стратегиялық нүктеден толық шығуы қажеттігін тағы да атап өтті.

Айта кетейік, 2024 жылғы қарашада Израиль әскері мен Ливанда орналасқан «Хезболла» ұйымы атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Бұл келісімге сәйкес, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ливан жерінен кезең-кезеңімен әскерін шығарып, оңтүстік өңірлердегі бақылауды Ливан армиясына тапсыруға тиіс еді.

Дегенмен, ара-тұра Ливан жағынан Израильге атылған снарядтар мен ЦАХАЛ-дың Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары туралы ақпараттар тарады.

Бейбіт келісім шарттарына сәйкес, «Хезболла» жасақтары Литани өзенінің солтүстігіне қарай, Израиль шекарасынан 30 шақырым қашықтыққа шегінуге және бұл аймақтағы барлық бекеттерін жоюға міндеттелген. Мұнда тек Ливан әскері мен БҰҰ-ның бітімгер күштері ғана әрекет ете алады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Пикакс тауындағы жерасты нысанының қорғанысын күшейтіп жатыр

Иран Пикакс тауының астындағы ядролық бағдарламамен байланыстырылатын нысанның кіреберістерін қосымша бекіте бастаған. Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISI) 11 қыркүйекте түсірілген спутниктік суреттерді зерттеп, осындай қорытындыға келді.

SpaceX 28 қыркүйекте Starship-ті алғаш рет Жер орбитасына ұшырады

Ай мен Марсқа адам ұшыру үшін жасалып жатқан Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте алғаш рет Жер орбитасына шығады. SpaceX мәліметінше, бұл жолы кеме бұған дейінгі сынақтардағыдай суборбиталық бағытпен шектелмей, Жерді толық айналып ұшады.

Азия қор нарықтарының басым бөлігі өсіп жатыр

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі жоғарылап келеді. Австралия нарығында ғана аздаған төмендеу байқалды.

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.