Евразия24ЖаңалықтарБерлин Киевке алыс қашықтықтағы ракеталар беруден бас тартты

Берлин Киевке алыс қашықтықтағы ракеталар беруден бас тартты

|

|

Лондон. 14 шілде. ИНТЕРФАКС – Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Financial Times басылымына берген сұхбатында елдің әскери-өнеркәсіптік кешені Қорғаныс министрлігінің сұраныстарын толық орындауға қауқарсыз екенін мойындады. Осыған байланысты Германия Украинаға алыс қашықтықтағы Taurus зымырандарын жеткізбейді.

Басылым былай деп жазады: «Писториус Германия өзінің Taurus зымырандарын Украинаға бермейтінін мәлімдеді».

Сонымен қатар министр қару-жарақ өндірушілерін «шағымдануды доғарып», өндіріс көлемін арттыруға шақырды. Оның айтуынша, үкімет әскери шығындарды жүздеген миллиард еуроға дейін ұлғайтып, қаржыландыруды оңтайландырған.

«Сала өкілдері енді өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты екенін жақсы біледі», – деді Писториус.

Министрдің мәлімдеуінше, ведомство нақты жобалар бойынша, бәрі шешілгендей көрінгенімен, өндіріс тарапынан кейінге шегерулерге жиі тап болады. Бұл қиындықтар оқ-дәрі, ұшқышсыз аппараттар, танктер – яғни, әскери техниканың дерлік барлық түріне қатысты.

Писториус Германияның қолында бар болғаны алты Patriot жүйесі қалғанын, оның біреуі техникалық қызмет көрсету немесе дайындық мақсатында тұрақты түрде қолжетімсіз екенін атап өтті.

«Бұл – расымен тым аз. Әсіресе НАТО шеңберінде алдымызға қойылған әлеуетті арттыру міндеттерін ескерсек. Біз бұдан артық ештеңе ұсына алмаймыз», – деді Германия қорғаныс министрі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.