Евразия24ЖаңалықтарФридрих Мерц: 1 тамызға дейін қарсы шара қабылдауға болмайды

Фридрих Мерц: 1 тамызға дейін қарсы шара қабылдауға болмайды

|

|

АҚШ-тың ЕО тауарларына қатысты жаңа баж салығы Германия экономикасына қауіп төндіреді – Мерц

Берлин. 14 шілде. ИНТЕРФАКС – Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропа Одағы елдерінен импортталатын тауарларға жаңа баж салығын енгізу бастамасына алаңдаушылық білдірді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Германияның экспорттық салаларына елеулі соққы болмақ.

ARD телеарнасына берген сұхбатында: «Бұл бастама бүкіл жағдайды қиындатып, Германияның экспортқа бағытталған өндіріс салаларына тікелей әсер етеді», – деді Мерц.

Канцлердің айтуынша, Еуроодақ елдерінің басшыларымен бұл мәселеге байланысты тығыз келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ол мұндай жағдайда екі негізгі шарттың маңызды екенін атап өтті: ЕО ішіндегі бірлік пен АҚШ президентімен сындарлы қатынас.

Фридрих Мерц сонымен бірге Еуроодақ тарапынан америкалық тауарларға қарсы шаралар қабылдау мүмкіндігін қолдайтынын айтты, бірақ мұндай қадамның «1 тамыздан бұрын» жасалмауы керектігін ескертті.

Еске сала кетейік, сенбі күні Дональд Трамп 1 тамыздан бастап ЕО елдерінен импортталатын тауарларға 30 пайыздық баж салығы салынатынын мәлімдеген болатын.

«1 тамыздан бастап біз Еуроодақ елдерінен келетін тауарларға 30% баж салығын енгіземіз. Бұл – ЕО-мен арадағы сауда теңгерімсіздігін жою үшін қажет», – деп жазды ол. Сонымен қатар Трамп келіссөздерге дайын екенін де жеткізді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.