Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан билігі жаңа Салық кодексіне байланысты тұрғын үй нарығындағы алыпсатарлық пен сөз...

Қазақстан билігі жаңа Салық кодексіне байланысты тұрғын үй нарығындағы алыпсатарлық пен сөз байласуға жол бермейтінін мәлімдеді

|

|

Астана. 15 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа Салық кодексінің нормалары енгізілген жағдайда тұрғын үй бағасының күрт өсуі болмайды деп есептейді. Егер нарықта алыпсатарлық немесе құрылыс компаниялары арасында сөз байласу байқалса, үкімет бұл жағдайға араласуға дайын.

«Тұрғын үй нарығында қандай да бір күрделі проблема болады деп ойламаймын. (…) Жаңа Салық кодексінің нормалары келесі жылы күшіне енген кезде тұрғын үй бағасының күрт көтерілуі болмайды деп есептейміз. Нарықтағы алыпсатарлық жолмен немесе келісіп көтерілген бағаларға жол берілмейді. Ондай жағдайларда бізде заң аясында тиісті шараларды қабылдап, жағдайға араласуға толық мүмкіндік бар», – деді Бектенов сейсенбі күні Астанада өткен брифингте.

Премьер-министр құрылыс саласына қатысты салықтық өзгерістерге бірқатар жеңілдік қарастырылғанын атап өтті.

«Біріншіден, бұл өзгерістерде олардың әсерін жұмсартатын нақты ескертпелер бар. Екіншіден, бұл қадамдар талдауға негізделген. Біз құрылыс компанияларының баға белгілеуін қарап шықтық, олар қосылған құн салығынан босатылғанына қарамастан, бұл артықшылықтарды ескерместен, артық табыс тауып отырған», – деді ол.

Сонымен қатар Бектенов соңғы жылдары елде тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқанын айтты. «Өткен жылы 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл бұл көрсеткіш 19 млн шаршы метрден асады. Бұл – айтарлықтай жоғары қарқын», – деп түйіндеді үкімет басшысы.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Тарихи киноның қаншалық қымбатқа түсетінін осы жобада түсіндім». «Жеңіс баласының» фильмінің продюсерімен сұхбат

3 қыркүйекте Ресей кинотеатрларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы пошташының ерлігі туралы тарихи-әскери фильм көрерменге жол тартты. «Жеңіс баласы» – Қазақстан, Ресей және Беларусь кинематографистері бірлесіп түсірген туынды. 3 қыркүйекте Ресей кинотеатрларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы пошташының ерлігі туралы тарихи-әскери фильм көрерменге жол тартты. «Жеңіс пошташысы» – Қазақстан, Ресей және Беларусь кинематографистері бірлесіп түсірген туынды.

Сұлулықтың соңы соқырлыққа ұласты: жалған дәрігер әйелдің көзін зақымдады

Шымкентте сәтсіз жасалған блефаропластикадан кейін пациенттің бір көзі көрмей қалған. Ота жасаған «пластикалық хирург» 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Кейін оның медициналық процедураны жүргізген кезде маман сертификаты да, тиісті лицензиясы да болмағаны анықталды.

Қазақстанда шетелдік БАҚ үшін аккредиттеу талаптары өзгермек

Қазақстанда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін аккредиттеу тәртібіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Сыртқы істер министрлігі әзірлеген жоба халықаралық тәжірибені ескере отырып, шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу тәртібін жетілдіруді көздейді.

Құрылтайда 2027–2029 жылдарға арналған бюджетке қатысты сын айтылды

2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қосымша шығындарға мүмкіндік беретін қаржы қоры жоқтың қасы. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева мәлімдеді.