Евразия24Еуразия патриоттарыАлмагүлдің жеңісі: сегіз жылдық еңбек жемісі

Алмагүлдің жеңісі: сегіз жылдық еңбек жемісі

|

|

Витебск қаласында өткен XXXIV Халықаралық өнер фестивалі аясындағы эстрадалық ән орындаушылардың «Витебск» халықаралық байқауында Қазақстан атынан қатысқан әнші Алмагүл Батталиева бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы «Минск-Новости» агенттігі хабарлады.

Байқауға 14 елден жас өнерпаздар қатысып, басты сыйлық үшін бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын беларусьтік Валерия Бернатовичке бұйырды. Екінші орын Армениядан келген Давид Киракосянмен италиялық Доменико Барбераға бірдей берілсе, үшінші орын Ресей өкіліЭрик Ахметов пен Қырғызстаннан келген Рыскелді Старбековке тапсырылды.

Алмагүл Батталиева байқаудағы жеңісі туралы әсерімен бөлісіп, бұл сәттің өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

“Жеңіске жеткеніме әлі күнге дейін сене алар емеспін. Бұл мүсінді Қазақстанға алып кету – мен үшін зор құрмет. Осы байқауға қатысу үшін сегіз жыл бойы тынымсыз дайындалдым, ұлттық іріктеулерден өттім. Бізде бәсекелестік өте жоғары. Қазақ халқы – табиғатынан әнге жақын, өнерге жаны құмар ел. Мұнда келген әрбір отандасымыз жүлдесіз қайтпаған. Сондықтан бұл жеңістің жөні бөлек”, – деді ол.

Евразия24 пікірі:

Посткеңестік кеңістіктегі жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуда «Славян базары» фестивалінің рөлі ерекше. Бұл жөнінде ТМД елдері бас редакторлары клубының мүшесі, «Вечерний Минск» газетінің бас редакторы Юлия Денищик Eurasia.Expert порталына берген сұхбатында кеңінен тоқталды.

— Меніңше, «Славян базарының» ұраны — өнердің ұлттар арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтудағы қуатты құрал екенін көрсететін терең мағыналы идея. Ол мәдени және тілдік тосқауылдарды еңсеруге, мемлекетаралық байланысты күшейтуге ықпал етеді. Әсіресе қазіргі жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл ұран бұрынғыдан бетер маңызды. Мұндай рух пен мазмұн 1992 жылы алғашқы фестивальден-ақ байқалды. Ол кезде Кеңес Одағы енді ғана ыдырап, әлем картасында жаңадан 15 мемлекет пайда болған еді, — деді Юлия Денищик.

Айта кетейік, «Славян базары» қатысушылары үшін әділ бағалау жүйесі — үлкен сахнаға жолдама іспетті. Мұны 2015 жылы байқаудың гран-при иегері атанған Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолынан да анық байқауға болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.