Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБектенов уәде берді: экономика $450 млрд-қа жетуі мүмкін

Бектенов уәде берді: экономика $450 млрд-қа жетуі мүмкін

|

|

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Қазақстанның ішкі жалпы өнімі екі есеге дейін өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. «Алға қойған жоспар ауқымды, орындалуы әбден мүмкін. Былтыр ЖІӨ көлемі $286 млрд-ты құрады. Биыл экономикалық өсім қарқынын ескере отырып, $300 млрд шегінен асамыз деп болжап отырмыз. Ал алдағы жылдары осындай серпінді өсімді сақтай алсақ, $450 млрд межесіне жетуәбден мүмкін», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, экономиканы әртараптандыру, қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту бағытында кешенді шаралар қабылдануда. Бұл қадамдар елде қосымша құн мен валюталық түсімді барынша ұстап қалуға мүмкіндік береді.

«Байтерек» холдингі аясында 8 трлн теңге көлемінде инвестиция тартуға бағытталған ауқымды бағдарлама іске асырылуда. Сонымен қатар, құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 190 өнеркәсіптік жобаны іске қосу жоспарланған.

«Егер осы бағыттағы жұмысты жүйелі жалғастырсақ, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе аламыз», – деді Бектенов.

Евразия24 пікірі:

Премьер-министр Олжас Бектеновтың еліміздің экономикалық әлеуетіне деген сенімі белгілі бір үміт ұялатады. Дегенмен, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды тиімді жүзеге асыруда қиындықтар бар кезде үкімет басшысының ниеті жеткіліксіз.

«Бәйтерек» холдингі арқылы жүзеге асырылатын ірі өнеркәсіптік даму бағдарламасы аясында Үкімет 8 трлн теңге көлемінде қосымша инвестицияны экономикаға тартуды жоспарлап отыр. Алайда бұл қаражаттың нақты келуі әлі белгісіз. Бұл тұрғыда кедергілер туындауы мүмкін.

Жуырда Halyk Finance талдау орталығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жауапты бизнес жүргізу бойынша есебін талдап, Қазақстандағы инвестициялық ортада әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екенін атап өтті. «Ашықтықтың жеткіліксіздігі, нормативтік кедергілер, мемлекеттік меншіктің жоғары үлесі, ағылшын тіліндегі ақпараттың аздығы және жер пайдалану саласындағы құқықтық шектеулер – тікелей шетелдік инвестициялардың кең көлемде келуіне тосқауыл болып отыр», – делінген зерттеуде.

Инвестициялық тартымдылық бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан 86 елдің ішінде 79-орынға жайғасқан.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.