Евразия24ЖаңалықтарФинляндия Ресей мен Беларуське қарсы жаңа мүліктік шектеу енгізді

Финляндия Ресей мен Беларуське қарсы жаңа мүліктік шектеу енгізді

|

|

Минск. 16 шілде. ИНТЕРФАКС — Финляндияда Ресей мен Беларусь азаматтарына жылжымайтын мүлік сатып алуға және сатуға қатысты мәмілелер жасауға ресми түрде тыйым салынды. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Антти Хяккянен әлеуметтік желіде хабарлады.

«Бұл — тым ұзаққа созылып кеткен маңызды реформа», — деп жазды министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Аталған заңның қабылданып, күшіне енгеніне өте қуаныштымын. Бұл — Финляндия қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған нақты қадам», — деп атап өтті Хяккянен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Финляндия парламенті қорғаныс министрлігіне елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін мемлекеттердің азаматтары мен ұйымдарының жылжымайтын мүлікпен жасаған мәмілелеріне тосқауыл қоюға құқық беретін заң жобасын мақұлдаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.