Евразия24ЖаңалықтарАуғанстан бойынша арнайы өкіл: Тоқаев нақты тапсырмалар берді

Ауғанстан бойынша арнайы өкіл: Тоқаев нақты тапсырмалар берді

|

|

Астана. 16 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан бойынша өзінің арнайы өкілі Еркін Тұқұмовқа бұл елмен өзара іс-қимылды, ең алдымен сауда-экономикалық және гуманитарлық бағыттарда дамытуға ықпал етуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сәрсенбі күні хабарлады.

Мемлекет басшысы арнайы өкілді қабылдау барысында Ауғанстанның қазіргі билік өкілдерімен екіжақты қатынастардың даму жағдайына тоқталып, бұл үдерістегі арнайы өкілдің ерекше маңызын атап өтті.

«Арнайы өкілге Ауғанстанмен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою, әсіресе сауда, экономика және гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейту міндеті жүктелді», – делінген ресми ақпаратта.

Сонымен қатар Президент Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Хабарламада көрсетілгендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Еркін Тұқұмов 2025 жылдың маусым айында Қазақстан Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.