Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады

Қазақстан Қырғыз Республикасымен одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартты ратификациялады

|

|

Астана. 21 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған заң өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және екі ел арасындағы саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауылшаруашылығы, көлік-транзит, су-энергетика, білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы кешенді әріптестікті дамытуға бағытталған.

Құжатта тараптар парламенттер арасындағы байланыстарды, оның ішінде Ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық кеңес аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытып, нығайтуға ниетті екені көрсетілген.

Сонымен қатар, тараптар қауіпсіздік саласындағы жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге бірлесе қарсы тұру бағытында ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдете түсуге келісті. Атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге, сепаратизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, киберқылмысқа, заңсызкөші-қонға, адам саудасына, қару-жарақтың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күресте өзара іс-қимыл жалғасатын болады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.