Евразия24ЖаңалықтарUniversal Music АҚШ-та акцияларын орналастыру туралы өтініш берді

Universal Music АҚШ-та акцияларын орналастыру туралы өтініш берді

|

|

МӘСКЕУ. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Әлемдегі ең ірі дыбыс жазу компаниясы саналатын Universal Music Group (UMG) АҚШ-та акцияларын жария түрде орналастыруға өтініш берді. Аталған ақпараттыкомпанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап, бірқатар халықаралық БАҚ таратты.

Компанияның мәліметінше, ұсынылатын акциялар қазіргі акционерлерге тиесілі, ал орналастырудан түскен қаржының барлығы соларға бағытталады. Universal Music бұл процестен тікелей табыс күтпейді. Қанша көлемде акция ұсынылатыны және олардың баға диапазоны кейінірек жария етіледі.

Еске салайық, UMG 2024 жылдың қаңтар айында АҚШ-та листингке шығу жоспары бар екенін мәлімдеген болатын. Ол кезде компания американдық миллиардер Билл Акманның хедж-қоры — Pershing Square-ге тиесілі акциялардың бір бөлігін сату жоспарланып отырғанын хабарлаған. Қордың UMG-ға жалпы инвестиция көлемі шамамен $3,3 млрд құрайды.

Компанияның қазіргі уақытта Амстердам қор биржасында листингі бар. 2025 жылдың басынан бері UMG акциялары шамамен 9,5%-ға қымбаттады.

Universal Music портфелінде Тейлор Свифт, Леди Гага, Билли Айлиш, Дрейк сынды танымал орындаушылармен келісімшарттар бар. Сонымен қатаркомпания Queen, The Beatles және Боб Дилан сияқты аңызға айналған әртістердің музыкалық құқықтарына иелік етеді.

UMG-ның айтуынша, АҚШ-тағы листинг компанияның жаһандық инвесторлармен өзара байланысын кеңейтіп, нарықтағы позициясын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.