Евразия24ЖаңалықтарХуситтер Тель-Авив әуежайына баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді

Хуситтер Тель-Авив әуежайына баллистикалық зымыран ұшырғанын мәлімдеді

|

|

Дубай. 22 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАНЙемендегі хуситтерИзраильдің Тель-Авив қаласындағы Бен-Гурион атындағы халықаралық әуежайына баллистикалық зымыран ұшырғандарын хабарлады. Бұл туралы қозғалыс өкілі Яхья Сари дүйсенбі күні мәлімдеді.

Саридің әлеуметтік желідегі хабарламасында: «Хусит күштері “Палестина-2” деп аталатын гипердыбыстық баллистикалық зымыранды пайдалана отырып әскери операция жүргізді», – делінген.

Хуситтердің мәлімдеуінше, операция сәтті өткен.

Өз кезегінде Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) зымыранның Йемен аумағынан ұшырылғанын растады және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі арқылы оны жолда жойғанын хабарлады.

Аталған шабуыл 2023 жылғы 7 қазанда басталған Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің аясында орын алып отыр. Сол кезде ХАМАС қозғалысы Израильге шабуыл жасап, оған жауап ретінде Израиль Газа секторында кеңауқымды әскери операция бастаған болатын. Осы жағдайдан кейін Йемендегі хуситтер аймақтағы өз әрекеттерін белсендіріп, Израиль әскерінің олар бақылауындағы нысандарға соққылары жиілеген.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке...

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік...

Жыл соңына дейін қазақстандық кәсіпорындар өндірісте жасанды интеллект енгізудің экономикалық нәтижесін көрсетуі тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды...