Евразия24Еуразия патриоттарыТашкенттен Мәскеуге дейін: 67 жастағы әнші веломарафонмен Жеңіс рухын насихаттады

Ташкенттен Мәскеуге дейін: 67 жастағы әнші веломарафонмен Жеңіс рухын насихаттады

|

|

«Туған жерге таяп қалды — Хурсанд Шеров қазіргі таңда Қазақстанның қалалары мен ауылдарын аралап, сапарын жалғастыруда. Веломарафонның басталу күнінде берген уәдесіне сай, жерлесіміз Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туған, ерлікке толы өмір жолы басталған және мәңгілікке тыныстаған өңірлеріне арнайы аялдады. Бұл — Өзбекстан, Қазақстан және Ресей жерінен соғысқа аттанған жауынгерлердің рухына тағзым. Қазақстан — Кеңес Одағының Батырларын дүниеге әкелген қасиетті мекен. Мұнда жауынгерлік даңққа ие болған ерлерге деген құрметтің сақталғаны, бейбітшілік пен татулықтың бағаланатыны — қуантарлық жайт. Бұл — ел бірлігі мен көршілес халықтар арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың саналы тәрбиесін қамтамасыз ететін маңызды негіз», — деп хабарлайды «Азия экспресс».

Евразия24 пікірі:

2025 жылдың көктемінде өзбекстандық белгілі әншінің велосипедпен аттанған сапары көрші елдердің назарын өзіне аударды. Өнер иесі әр қалаға аялдай келе, жергілікті сахналарда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналғантегін концерт қойып, тыңдарманға рух сыйлады. 67 жастағы әншінің негізгі мақсаты – 9 мамырға дейін Мәскеуге жетіп, Қызыл алаңда болу еді. Жоспарын ойдағыдай орындап, Жеңіс Парадына арнайы шақырту алды. Мәскеуде де концерт беріп, патриоттық әндерін үш тілде — өзбек, қазақ және орыс тілдерінде шырқады. Әр тілде айтылған әндер тыңдарман тарапынан жылы қабылданды.

Хурсанд Шеровтың бұл бастамасы кездейсоқ таңдау емес. Бұған дейін ол ауыр жарақат алып, омыртқа сүйегіне ота жасатқан. Сол уақыттан бері әнші қозғалыс арқылы денсаулығын қалпына келтіру жолын ұстанып келеді. Оның айтуынша, алғашқы қадамы — жүріп-тұру мүмкіндігін қалпына келтіру болса, келесі кезең — дауыс, одан кейін — ән айту, ал ең соңында — велосипедпен жолға шығу болған. бұл — Ташкенттен Мәскеуге дейінгі тоғызыншы сапары. Қазақстан арқылы өтіп, Сібірді кесіп өтіп, Мурманск қаласына дейін жеткен. Енді өнерпаз туған еліне — Ташкентке қайта бет алды. Кері сапарын да велосипедпен жалғастырып келеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.