Евразия24Басты бетҚазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 3-бөлім

Қазақстандағы «ақ» және «қара» алтын іздеудің тұтқындары. 3-бөлім

|

|

Әлемнің түрлі елдерінде жеке тұлғалардың алтын өндіруіне қатысты заңнама әрқалай. Қазақстан үшін ең қолайлы үлгі – қолданыстағы ұлттық нормаларды Аустралия штаттарында жұмыс істеп тұрған тәжірибемен және Ресейде пилоттық режимде іске қосылуы жоспарланған модельмен ұштастыру болмақ.

Алтын өндіру мәселелеріне арналған алдыңғы материалдарымызда Қазақстандағы жеке тұлғалардың бұл саладағы қызметін реттеудің құқықтық және іс жүзіндегі проблемаларын қозғаған едік. Енді ұсыныстарымызды ортаға салатын уақыт келді.

Бүгінде елімізде Ұлттық банктің ішкі нарықта алтынды басымдықпен сатып алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Алайда Ұлттық банк алтын құмдары мен кесек күйіндегі өңделмеген алтынды қабылдауға мүдделі емес. Осы орайда республика аумағында старательдер өздері өндірген шикізатты қиындықсыз өткізетін арнайы уәкілетті пункттер желісін құру қажет.

Қазіргі таңда аффинаж зауыттарының формалды түрде жеке кәсіпкерлерден алтын сатып алу мүмкіндігі болғанымен, іс жүзінде олар шағын өндірушілермен емес, ірі ойыншылармен жұмыс істегенді жөн көреді. Нарықта осы бағыттағы бәсекелестік артқан жағдайда ғана, алтын өңдейтін кәсіпорындардың да жеке старательдерге қатысты саясаты жұмсаруы мүмкін.

Егер старатель өз жұмысында тек күрек, науа мен металл іздегіш құрылғыны ғана пайдаланатын болса, лицензияны Австралия тәжірибесіне сәйкес жылына 25–60 АҚШ доллары аралығындағы төлеммен теңгедегі баламада беруге болады (Виктория штатында 10 жылға лицензияның құны – 25 доллар).

Ал егер старательдер күрделі механикалық байыту құрылғыларын (драгаларды) қолданатын болса, онда Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлерге лицензия беру тәртібін қолдану орынды болмақ.

Өкінішке қарай, Ресейде 2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қиыр Шығысфедералдық округі мен Арктика аумағында пилоттық жоба ретінде іскеқосылуы тиіс болған еркін алтын өндіру туралы заң әлі жұмыс істемей тұр. Сондықтан оның нормаларының іс жүзіндегі нәтижесі бізге белгісіз. Дегенмен осы заң жобасында қарастырылған 10 гектарға дейінгі жер телімінүш жылға ақысыз пайдалану, мерзімін тағы үш жылға ұзарту мүмкіндігі, сондай-ақ жұмыстан соң жерді рекультивациялау туралы идеясы құптарлық.

Алтынды еркін тапсыру туралы заң алтын құмы мен табиғи алтын кесектерін («самородки») көлеңкелі айналымнан шығарып, заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл шикізат түрлері Қазақстандағы «қара нарықта» айналып, жергілікті және халықаралық қылмыстық құрылымдардың табыс көзіне айналған. Оларды заңдастыру арқылы мемлекет қосымша салық салу базасын қалыптастырар еді. Өйткені кез келген мемлекет үшін өз табысын тауып, салықты адал төлейтін заңға бағынушы азаматтардың саны артқаны тиімді.

Сонымен қатар, осы заң арқылы басқа да мәселелер шешімін табуы мүмкін. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында ауыл мектебінің мұғалімі болыпқызмет ететін бір азамат көктем сайын қар ерігеннен кейін қола дәуіріненқалған көне шахтаға барып жүрген. Бұл шахтаны кезінде андроновмәдениетінің өкілдері мыс өндіру үшін қолданған. Бірақ аталған азаматтымыс емес, еріген қар суынан кейін шахтада қалған табиғи алтын кесектеріқызықтырған. Бір көктемде ол кәмпит салатын шағын металл ыдыстыңүштен екі бөлігіндей алтын кесегін жинап, оны өзінің «зейнетақы қоры» депатаған.

Қазіргі заңнама аясында бұл азамат алтынды заңды жолмен сата алмайды. Ал заңсыз нарықта мұндай алтын кесектеріне қызығатын «алтын мафиясы» белсенді жұмыс істеп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда заңсызалтын өндірісі жылына 25 тоннаға жуықтайды. Әлемдік нарықта біркилограмм алтынның құны шамамен 108,5 мың АҚШ долларына тең екенінескерсек, мәселенің қаншалықты өзекті екенін түсінуге болады. Бұдан бөлек, қылмыстық топтар алтыннан жасалған зергерлік және өнеркәсіптікбұйымдар, алтын сынықтары, жалған алтынмен де айналысады.

Осы ретте Қазақстан алтынды еркін тапсыру бойынша алғашқы қадамдарынжасады, ендігі кезекте бұл қадамдарды нақты, жүйелі түрде жүзеге асырумаңызды. Бұл бағытта тек ірі бизнестің не мемлекеттік органдардың ғанаемес, қарапайым азаматтардың да мүддесі ескерілуі тиіс.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.