Евразия24ЖаңалықтарЛитва АҚШ пен НАТО-ның қосымша әскерін қабылдауға дайын

Литва АҚШ пен НАТО-ның қосымша әскерін қабылдауға дайын

|

|

24 шілде, Вильнюс. Литва НАТО мен АҚШ-тың қосымша әскери контингенттерін қабылдауға қажетті инфрақұрылымды толықтай дайындап бітірді. Бұл туралы елдің Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Раймундас Вайкшнорас мәлімдеді.

«Біздің қауіпсіздігіміздің басты кепілі – одақтастарымыз. Тарихта алғаш рет Германия шетелде өз танк бригадасын орналастыруда. Литваға тіркелген 45-бригада кезең-кезеңімен жеткізіліп, ұлттық қорғаныс жүйесіне интеграцияланып жатыр. Германия бұл үдерісті өте жылдам жүзеге асырды», – деді генерал Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне берген түсініктемесінде.

Оның айтуынша, АҚШ-тың ротациялық әскери күші де маңызды тежеуші фактор болып отыр. Ел билігі барлық инфрақұрылымдық жаңғыртуды аяқтап, шетелдік күштерді қабылдауға толық дайын.

«Қабылдаушы тарап ретінде біз барлық мүмкіндігімізді іске асырып жатырмыз», – деді Вайкшнорас.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.